пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту»: Қызылорда облысының әкімі бизнес-идеяларды қолдауға әзір екенін айтты

Қызылорда облысында жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру, салық базасын ұлғайту және қоғамдық-саяси ахуалды тұрақтандыру мақсатында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы екінші жыл қатарынан жүзеге асырылуда.

Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен кездесіп, облыстағы аталмыш саланың дамуына қатысты мәселелерді талқылады.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2020 жылдан бастап микро және шағын бизнес салық төлеуден босатылып, оларға тексеру жүргізуге мораторий жарияланатын болады. Бұл өзгерістердің түпкілікті түйіні мемлекеттің бизнесті дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасаудағы стратегиялық бағытына сәйкес келеді. Біздің мақсатымыз өңірде бизнесті табысты жүргізу үшін әкімшілік кедергілерді болдырмау және қолайлы жағдайлар жасау болып табылады», — деді аймақ басшысы.

Өңір басшысы бизнес өкілдерінің ұсыныстарын тыңдап, ой-пікір алмасты. Сондай-ақ, барлық бизнес-идеяларды қолдауға әзір екенін айтып, кәсіпкерлік саласын дамыту бағытында бірлескен жұмыстарды атқаруға шақырды.

Өз кезегінде, кәсіпкерлер туған жерлерінің өсіп-өркендеуі мен Сыр елінің республикада озық болуы үшін айналысып жүрген кәсіптері бойынша үнемі ізденісте болып, аянбай қызмет ететіндерін жеткізді.

Сонымен қатар, өздерін толғандырып жүрген ойларымен бөлісіп, сол бағытта бірлесуге әзір екендіктерін айтты.

«Біз үшін жұмыс істейтін әрбір кәсіпкер маңызды және оларға біз жұмысты жүргізу үшін ең жақсы жағдайларды жасауға тырысамыз», — деп қорытындылады Қ.Ысқақов.

Айта кетсек, жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламаның негізгі мақсаты - өздігінен жұмыспен қамтылғандарды, жұмыссыздарды және басқа да біліктілігі жоқ тұлғаларды төмендегі үш бағыт бойынша міндеттерді шешу арқылы нәтижелі жұмыспен қамту: бірінш - талап етілген мамандықтар және кәсіпкерлік негізі бойынша жаппай оқыту және дағдыландыру; екінші - жаппай кәсіпкерлік үшін жағдай жасау; үшінші - жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және жұмылдырылған еңбекті қолдау арқылы нарықты дамыту.

Бағдарламаның мақсатты тобы – өздігінен жұмыспен қамтылғандар,  жұмыссыздар және кәсіби біліктілігі жоқ тұлғалар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0