+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
03.10.2019 в 15:56

Қызылордалық өрендер «Тұлпар мініп, ту алған» байқауында бақ сынады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларында міндеттелген тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында ел аумағында түрлі іс-шаралар атқарылуда. Соның бірі ретінде республика көлемінде өтіп жатқан «Qazaq Epos» қоғамдық қоры ұсынған «Тұлпар мініп, ту алған» байқауын айтуға болады. Аталған байқауға Сыр өңірінің дарынды жастары да қатысып, бақ сынады.

Қызылордалық өрендер «Тұлпар мініп, ту алған» байқауында бақ сынады

Байқаудың облыстық кезеңі Қызылордадағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде өтті. Облыстық байқау кезеңіне Сыр өңірінің әр ауданынан іріктелген дарынды өрендер қатысты. «Қобыланды батыр» жырын жатқа оқып, ондағы көнерген сөздерді зерттеп-зерделеген оқушылар тосыннан қойылған сауалдарға іркілмей жауап беріп, білімдерін сынады. Жобаға қатысушылар тарихи-эпостық туындыны толық жатқа білу, оны мәнерлеп оқумен қатар, эпостағы әрбір сөздің мән-мағынасын түсіну бойынша бағаланды.

Жыр додасының қорытындысы бойынша Қазалы ауданынан қатысқан оқушы Гүлзира Қонысбай «Қобыланды батыр» жырын мүдірмей оқып, 1-орынды иеленді. Ерекше дарынымен көзге түскен өренге 1 000 000 теңге сыйақы берілді. Ал, айтулы жыр сайысына шәкіртін дайындаған жетекшісі Гүлфайруз Әлішеваға 2 000 000 теңге табысталды. Байқауға Қармақшы ауданының атынан қатысқан Даяна Толыбаева жүлделі 2-орынды иеленіп, 600 000 теңге көлемінде сыйақы алды. Оның жетекшісі Мереке Қайнароваға 1 200 000 теңге сертификаты берілді. Сондай-ақ, қазалылық оқушы Гаухар Әзен үшінші орынды иеленіп, 300 000 теңгені еншіледі. Ұстазы Жадыра Көшекбаева да 600 000 теңге көлеміндегі сертификатқа ие болды.

«Qazaq Epos» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен еліміздің әр түкпірінде өтіп жатқан жалпыұлттық ағарту жобасының негізгі мақсаты жас санаға ұлттық тәлім-тәрбиенің негізін салып, білімін арттыру болып табылады. Айтулы жобаға республиканың 5 мың мектебінен 50 мың оқушы қатысатын болады деп жоспарланған. Ұйымдастырушылар 50 мың оқушыға «Қобыланды батыр» жырын бір мезетте жаттатып, Гиннес рекордтар кітабына енуді де көздейтінін жеткізген болатын.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика