+7 (7172) 79 78 20

Написать нам в WhatsApp: +7 (700) 402 32 92
09.10.2019 в 13:11

Қызылордада «Жастар Отанға» еңбек лагері басталды

Қызылорда облыстық «Jas Otan» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Жастар Отанға» атты еңбек лагері іске қосылды. Бұл бастаманың негізгі мақсаты – жастарға мемлекеттік бағдарламаларға қатысу, мемлекеттік гранттарды иелену жолдарын түсіндіре отырып, кәсіппен айналысуды үйрету болып табылады. 

Қызылордада «Жастар Отанға» еңбек лагері басталды

«Жастар Отанға» еңбек лагеріне 50 жас қатысуда. Оның ішінде студенттер мен жұмыссыз жүрген жастар бар. Еңбек лагерін ұйымдастыруға «Nur Otan» партиясының Қызылорда облыстық филиалы, Қызылорда облысының білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мен «Абзал және Компания» толық серіктестігі қолдау білдірді.

Лагерьде жастардың мәдени-рухани дамуына, олардың қоғамдық белсенділігін арттыру үшін мотивациялық қолдаулар көрсетіледі. Соның ішінде жұмыссыз жүрген жастармен жеке әңгімелесулер өткізіліп, оларды әлеуеттендіру мақсатында бірқатар жұмыстар жасалу үстінде.

«Еңбек лагері – жастар үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, осы лагерьге қатыса отырып, біз мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер туралы мәлімет ала бастадық. Атап айтсақ, «Дипломмен ауылға», «Нұрлы жер», «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» секілді бірнеше мемлекеттік бағдарламалар жайлы толыққанды ақпарат алдық. Мамандар шағын және орта кәсіпкерлік жайында да түсіндіріп өтті. «Жастар Отанға» еңбек лагеріне қатысып жатқанымызға қуаныштымыз. Осы жерден алған біліміміз алдағы жоспарларымыздың оңтайлы жүзеге асуына жол көрсетеді сенеміз», — дейді еңбек лагеріне қатысушы жастар. 

Еңбек лагерінің алғашқы күнінен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» қорының мамандары қатысушыларға түрлі бағыттағы семинар-тренингтер жүргізуді қолға алды.


Редакция

Новости Казахстана

Полное воспроизведение или частичное цитирование материалов агентства допускаются только при наличии гиперссылки на ИА «NewTimes.kz» в первом абзаце. Фото- и видеоматериалы агентства могут быть использованы только с указанием авторства «NewTimes.kz». Использование материалов ИА «NewTimes.kz» в коммерческих целях без письменного разрешения агентства не допускается.

© 2013-2019, «NewTimes.kz». Все права защищены.
Об агентстве. Правила комментирования. Реклама на сайте

Республика Казахстан, 010000
г. Нур-Султан (Астана), К. Сатпаева, 13А
Тел.: 8 (7172) 797820
Email: n.times@mail.ru

Мы в соцсетях

       

Приложения Newtimes для:
iPhoneAndroid

  Яндекс.Метрика