пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Тұрсынбек Қабатов жол апатынан қайтыс болған адамның отбасына 4 млн теңгені төлегісі келмей жүр

Қазақстанда ең танымал әзілкештердің бірі Тұрсынбек Қабатов пен оның көмекшісі адам өліміне алып келген жол апатына қатысты сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды ИА «NewTimes.kz» Express Qazaqstan агенттігіне сілтеме жасап.

Фото: скриншот QazaqstanTV
Фото: скриншот QazaqstanTV

Оқиға 2019 жылдың қазан айында болған. Қабатовтың көмекшісі Қарағанды — Нұр-Сұлтан тас жолында 34 жастағы ер адамды қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Тұрсынбек жол апатынан қайтыс болған отбасыға өтемақы ретінде 8 млн теңге төлеуі тиіс еді. Алайда әзілкеш соманың жартысын, яғни 4 млн теңгені ғана төлеген. Сонымен қатар оның көмекшісі кінәсін мойындамай отыр. Көмекшісінің айтуынша, жол апатынан көз жұмған адам мас болған әрі қараңғыда тас жолға өзі жүгіріп шыққан. Апелляциялық сот Нұр-Сұлтанда өтті.

«Адвокаттар сотталушының кінәсін дәлелдемегені үшін қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша ақтау және қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша жазаны жеңілдету туралы өтінішін қолдайды. Жол апатынан қаза тапқан адам мас күйінде жолдың ортасына өзі жүгіріп шыққан. Алайда жол апаты кезінде адам өліміне алып келген жағдайда сотталушының жол ережесін өрескел бұзуы ақталуына негіз бола алмайды», — дейді адвокат Әділхан Шайхисламов.

Осылайша Тұрсынбек Қабатовтың талап-арызы қанағаттандырылған жоқ. Express Qazaqstan тілшілері жағдайдың мән-жайын білу үшін әзілкештің өзіне хабарласуға тырысқан. Алайда, ол тұтқасын көтермеген. Ал көмекшісі аталмыш шағым жайлы бейхабар екенін айтып, Қабатовтың қалада емес екенін жеткізді.

Айта кетсек, бір жыл бұрын қаза тапқан 34 жасар ер адамның анасы бұл істің тоқтатылғанын және өрескел бұзушылықтармен жүргізілгенін айтты. Анасы заттай дәлелдемелер – ұлының киімдері мен аяқ киімдері жойылды деп мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, бұл оқиғадан кейін екі жыл араға салып Тұрсынбек Қабатовтың қызының орнына ҰБТ-ны басқа қыз тапсырып шыққаны тұралы белгілі болды. Бұл туралы белгілі заңгер Абзал Құспан әлеуметтік желідегі парақшасында жазған болатын.

Осы оқиғада да Қабатов қызының репетиторын кінәләп шықты. Ал сол репетитор болса қазіргі таңда кінәні толық мойындап, барлық жауапкершілікті өз мойнына алып отыр.

Оқи отырыңыздар: «Бұл не сұмдық!»: Қайрат Нұртастың бейтаныс қызды көлікке күштеп отырғызған видеосы желіде тарап кетті

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 2
Возмутительно 0