четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
0oC
1xadv
×

Қазақстандық палуан 80 тонналық ұшақты сүйреп, күшін сынап көрді

Нұр-Сұлтан қаласында таңымал палуан Айбар Тұрғанбайұлы 80 тонналық Airbus-320 ұшағын сүйреді. Бұған дейн қазақтың батыры бірнеше джипті, қос тепловозды қатар сүйреген, деп хабарлайды «NewTimes.kz» агенттігі Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Фото: скриншот из видео
Фото: скриншот из видео

Айбар Тұрғанбайұлы Ержанов − Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Игілік ауылында 1982 жылы туған. Бойы 185 см, салмағы 120 келі. Ауыр атлетиканың 8 түрінен «Спорт шебері». Ол жуырда Елордамызда 80 тонналық Airbus-320 ұшағын сүйреп, күшін байқап көрді.

«Мен бұған дейін жалпы салмағы 276 тонналық қос локомотивті жаттығу кезінде 5 метрге дейін сүйреп, Гиннестің рекордын жаңартқанмын. Енді 80 тонналық ұшақты да сүйреп көрдім. Келешекте ауыр атлетика түрлерінен әлемдік додаларға қатысу», − деп өз ойымен бөлісті Айбар Ержанов.

Ол бұған дейін таза салмағы 15 тонналық ауыр жүк мәшинесін, 2,5-3 тонналық бірнеше джипті бір сәтте қатар сүйреген.

Сондай-ақ, палуан жігіт осы жазда Нұр-Сұлтан қаласындағы Локомотив жасау зауытында әр қайсысы 138 тонна тартатын, ұзындығы 22 метрлік екі бірдей локомотивті сүйреген еді.

Читайте также: Казахстанец голыми руками пытался сдвинуть 26-тонный самолет

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 4