среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

«Қазақ баласына өз ана тілін білмеу — үлкен ұят»: Димаш Құдайберген үндеу жасады

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген тіл мәселесін көтеріп, видео-үндеу түсірді, деп хабарлайды NewTimes.kz ақпараттық агенттігі.

«Біздің жастарымыз тіліміздің таза болуына, өз жерімізде тіліміздің құнсызданып кетпеуі үшін еңбек ету керек деп ойлаймын. Қазақ тілімен қаруланған қандастарымыз, тілі біраз шорқақтау болып жүрген бауырларымыз қазақша үйреніп бастағанда, қолдан келгенше қатесін түзеп жіберіп, көмектесіп, демеу беріп отырайық. Біз Қазақстан деп аталатын өз жерімізде, өз елімізде мемлекеттік тілде, яғни ана тілімізде сөйлеуіміз керек. Тілімізді мақтан тұтып жүрейік», — деп жазды парақшасында.

Бұл үндеуінде Димаш қазақ тілінің ол үшін ең әдемі тіл екенін айтты.

«Біздің, яғни жастардың ең басты мақсатымыз — қазақ тілін, мәдениетін, қазақтың үнін, әнін шартарапқа жар салып, мақтанып тұрып насихаттау. Қазақ тілі — ең әдемі тіл. Ол шынымен де солай. Әрбір халық үшін өзінің тілі ең әдемі. Біз егер де қазақ тілімен, мәдениетімізбен мақтанбасақ, баға тұтпасақ, ол тіл бізден басқа ешкімге керек емес», — деп айтты әнші.

Сонымен қоса, ол басқа тілдердің маңыздылығын жоққа шығарған емес.

«Қазіргі таңда 21 ғасыр болғандықтан, әрбір азамат кем дегенде 2-3 тілді меңгеруге тырысу керек. Соның ішінде, қазақ баласына 2-3 тілді меңгеріп тұрған жерде өзінің ана тілін білмеу — ол үлкен ұят нәрсе», — деп айтты Димаш Құдайберген.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 2