пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Қайрат Нұртастың інісі қалыңдығын көрсетті

Айдарбековтер әулеті жақында тағы бір жанмен толықпақ. Үйдің кенжесі Заңғар 9 жыл бойы кездескен сүйіктісімен үйленуге ниетті. Сүрбойдақ қалыңдығын көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

Фото: Instagram UGC
Фото: Instagram UGC

Instagram қолданушыларымен сұрақ-жауап ұйымдастырған Заңғар үйлену туралы сауалға жауап берді. Ол сүйіктісімен түскен суретін жариялап, «9 жыл болыпты, уақыты келген шығар, иә?» деп жазба қалдырды. 

Артынша ата-анасымен және қалыңдығымен кешкі ас ішіп отырған сәтін жариялады. Кадрдан бейтаныс екі кісіні көруге болады. Көпшілік «бұл болашақ келіннің ата-анасы» деп болжады.

Айта кетейік, Заңғар Нұртас көпшілікке 2018 жылы шыққан «My universe» әнінен кейін танылды. Ағасы Қайратпен дуэт айтып шыққан ол кейін жеке топ құрды. Бүгінде анасы Гүлзира Айдарбекова кенже ұлына продюсерлік етіп, оны танытуға бар күшін салуда. 

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1