пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Әуелбекованың экс-күйеуі сыйлаған автокөлікті тартып алып, жөндеуіне 5 млн теңге талап еткен

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова бұрынғы күйеуі сыйлаған автокөлігімен жол апатына түсіп қалды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілетеме жасап.

@moldir.auyelbekova
@moldir.auyelbekova

«Мен айдаған бэнтли бар емес пе еді? Сонымен жол апатына түсіп қалдым. Алла сақтап, дін аманбыз», ― деп бөлісті Әуелбекова.

Бұл көлікті сыйлаған әншінің экс-күйеуі апаттан кейін оны тартып алған.

«Енді осы ДТП үшін сол сыйлаған адам алып қойып, еще бамперін жөндетуге 5 млн теңге ақша талап етіп отыр. Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы деген осы екен. Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап. Бала-шағам аман болсын. Қалғанын өзім жасап жүрмін, жасаймын да! Негізі, бұл жерде мәселе сол темір немесе 5 млн теңгеде емес қой. Мені қыңжылтып тұрғаны, көлікті маған сыйлаған қызымның әкесіне «аварияға түсіп қалдым» дегенде, «өзің амансың ба, тірісің ба» деп сұрауға шамасы келмеді. «Қай жерін соқтың, қатты соқтың ба, қанша тұрады білесің бе сен» деп темірін сұрап әлектенді», ― деп жазды Әуелбекова.

Что думаете об этом?
Нравится 7
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 6
Возмутительно 0