суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-6oC
×

Мәдина Сәдуақасованы күйеуі Мальдивте өтетін Қайрат Нұртастың туған күніне жібермеді

Қазақстандық әнші Мәдина Сәдуақасова әріптесі Қайрат Нұртастың туған күніне қатыса алмайтыны жайлы өкінішін білдірді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото: sadvakasovamadina
Фото: sadvakasovamadina

Қайрат Нұртас алдында жеке Instagram парақшасында Мальдивте өтетін туған күні жайлы хабарлама жасаған болатын. Ол турға 30 адам ғана қатыса алатынын, 6 күн демалыстың бағдарламасына танысу кеші, әртістің туған күніне арналған ән кеші, квест ойыны, мафия ойыны және спорттық жарыс кіретінін айтты.

«Менімен және танымал жұлдыз, блогерлермен қарсы алғыңыз келсе, кеш қалып қоймаңыз! Бұндай мүмкіндік енді қайталанбайды!» ― деп жазды Қайрат Нұртас.

Кейін әнші Мәдина Сәдуақасова Мальдив аралдарына барғысы келетінін, бірақ белгілі себептермен бара алмайтынын айтты.

«Қайроштың туған күндері бір ерекше өтеді ғой. Енді бұл жолғы birthday party Мальдивте тіпті болайын деп тұр! Бірақ мен, Мальдивтегі 6 күндік тойға шақырту алып тұрып, баратыныма 90% сеніп тұрып, дайындала бастағанымда бармайтын болдым. Не в тему! Күйеуім жібермеді. Еще қатты тонмен бір ақ сөз ― «Бармайсың!» ― деп жазды Мәдина.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мадина Садвакасова (@sadvakasovamadina)

 

Что думаете об этом?
Нравится 46
Мне все равно 4
Забавно 3
Сочувствую 12
Возмутительно 13