Жуырда анасы мен жұбайымен Стамбұлда болып қайтқан Заңғар Нұртас қалай алаяқтардың тұзағына түсіп қалғанын айтты. Айтуынша, ерлі-зайыпты ұрылар оның басын айналдырып, қалтасындағы бар ақшасын алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Стамбұл қаласында Outlet орталығында сағат қарап жатқан кезде, алаяқтар келіп, мені алдап, сиқыр жасап, көзімді байлап, ақшамды сыпырып алып кетті. Өз көзіммен көргенім басқа, камерадан көргенім басқа болып шықты», ― деп бөлісті ол.
Бейнежазбада түрік азаматы Заңғармен ақша жөнінде сөйлеседі. Заңғардың назарын басқа жаққа аударып, қолындағы ақшасын тартып алады. Ал сатушыны ұрының әйелі алдап алып кеткен.
«Қалай ақшаны қолына бергенімді түсінбей қалдым. Бұл кісі менімен танысып, жақын арада Қазақстанға баратынын айтып, өзінің долларларындағы мөрді көрсетіп «Қазақстанға мені бұл ақшамен өткізе ма? Сенің ақшаңда осындай мөр бар ма?» деп сұрап алды», ― дейді Заңғар Нұртас.
Посмотреть эту публикацию в Instagram