пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-2oC
×

«Мотивация керек болса, міне!»: Екі аяғынан айырылған азамат таксист болып жүр

Желіде екі аяғынан айырылса да көлік жүргізетін азамат туралы видео тарады, деп хабарлады turkystan.kz.

Фото: turkystan.kz
Фото: turkystan.kz

Бұл жайлы видеоны Facebook-те Нұрлан Нұрышов деген кісі жариялады. Бейнежазбада Нұржан есімді жігіт ағасының екі аяғынан айырылса да таксист болып жүргені айтылған.

«Жастарға айтарым, денсаулығы барлар денсаулығын қадірлесін. Жұмыс істеп, аман-есен бала-шағасын өсіре берсін. Аяғы бар, ішіп жүрген жігіттерден арақ ішпеулерін өтінемін. Жұмыс жоқ дегенге сенбеймін. Әйтеуір дені сау адам әр нәрсені істесе нәпақасын табады, бала-шағасын асырайды. Ең бастысы, адамда істеймін деген ниет болу керек», – деді ол.

Одан кейін ол күн сайын бір ай бойы 9 мың теңгеге укол алып, соны өзі төлеп шыққанын, жұмыс істеген адамға Алла несібесін беретінін айтты.

«Таңертең уколдың ақшасын табамын деп жолға шығамын. Құдайдың бергенін табамын. Уколды бір ай салып жүрдім. Таңертең біссіміллә деп көлікке отырамын. Кешке шейін Алла несібемді береді. Сіздерге Алла риза болсын!» ― деді аяқтарынан айырылса да ешкімге күнін қаратпай, отбасын асырап жүрген жігіт ағасы.

 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1

В статье: