суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Қымбат үш көлігін ұсынған Қайрат Құдайберген бәрібір қамалды

Депутат Қайрат Құдайбергеннің адвокаты оны бір айға жапқан тергеу соты кепіл сомасына келіспегенін айтады, деп хабарлайды КТК.

Фото: instagram / ФҚайрат Құдайберген
Фото: instagram / ФҚайрат Құдайберген

Қымбат үш көлігімен қоса, Қайраттың жақындары зәулім үйді де кепілге қоюға дайын болған.

«Істі өз өндірісіне алғаны туралы, істің қозғалғаны туралы сондай қаулылардан басқа еш дәлелдеме тіркелмеген де.Бас бостандығынан айырудан басқа бұлтартпау шарасын қолданыңыз деп сұрадық, кепіл немесе үй қамақ, жоқ, оны бас бостандығынан ауыру туралы қаулы шығарды», ─ деді Қ.Құдайбергеннің адвокаты Мұратқожа Әмитов.

Тергеу сотының қаулысына көңілі толмаған Қайрат Құдайбергеннің адвокаты енді қалалық сотқа шағымданбақ. Олар бес күннің ішінде шағымды қанағаттандырса, қаулының күші жойылады.

Читайте также: В прокуратуре Алматы назвали причину задержания Кудайбергена

Мәслихат депутаты, белгілі кәсіпкер қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастарды және оған қатысты деген күдікке ілікті. «Дикий Арманмен» бірігіп әрекет етті деген болжам да бар.

Кеше Алматы қаласының тергеу соты Қайрат Құдайбергенді бір ай қамауға алу туралы қаулы шығарды.

«Алматы қаласының тергеу сотының қалуысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Аталмыш азаматқа қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін 30 тәулікке дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», ─ деді Алматы қаласы сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

Что думаете об этом?
Нравится 8
Мне все равно 9
Забавно 3
Сочувствую 14
Возмутительно 5