Қазақ тілінде контент жаcап жүрген қазақстандық блогер Алексей Лодочников ресейлік тележүргізуші Тигран Кеосаянға жауап қайтарды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Ол Instagram желісінде оқырмандарының сұрақтарына жауап берген болатын. Сонда одан Тигран Кеосаянның Қазақстан жайлы айтқанын көрдіңіз бе деп сұрады.
«Иә, ол видеоны көрдім. Назар аудамармай-ақ койыңдар. Осылар вечно қыртады да жүреді. «Где ваша благодарность?» еще деп қояды. Кімге? Саған ба? Не үшін? Үйімнің ауласын сыпырдын ба сен маған? Өзі қызық, басқа ұлттың өкілі, Ресейде отыр, қазаққа бірдеңе деп жатыр. Сен қазаққа тиіспе! Қазақстанға тиіспе, онбайсын!» — деп жауап берді Лодочников.
Еске сала кетейік, режиссер Тигран Кеосаян даулы мәлімдеме жасап, Қазақстаннан Украинадағы жағдайға қатысты ұстанымды талап етті. Желіде оның пікірі резонанс тудырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram