Айжан Байзақова адамдардың оның өміріне не себепті қызығатынын айтты. Актриса өткен күндері мен қателіктер үшін еш ұялмайтындығын жеткізді.
Instagram әлеуметтік желісінде блогер өзінің мінсіз бола алмайтынын, бірақ тырысатынын атап өтті.
«Мен тырысамын, қателесемін, сүрінемін. Мен ренжіткен адамдар көп. Керісінше мотивация бергендер бар. Маған біреуді суицидтен құтқардыңыз деп жазатындар бар. Мені жек көретін адамдар бар. Мен адаммын, мен мінсіз бола алмаймын. Бірақ мен тырысып жатырмын. Мен өткенім үшін де ұялмаймын. Өз қалауым бар. Мен жай ғана өмір сүремін. Осында және қазір. Адамдармен кездескенде «Сіздің айтуға ұялатын сырыңыз бар ма?» деп сұраймын. Менімен көп адамдар сырын бөліседі. «Менде де болды, уайымдамаңыз» деймін. Сонда адамдар жеңілдеп қалады», — деді Айжан.
Ол адамдардың неге оған желіде жазылатынын енді ғана түсінгенін мойындады.
«Себебі мен де сенің істегеніңнің бәрін істеймін, бірақ сен ұяласың, мен ұялмаймын. Ал сен менің бар екенімді білесің», — деді блогер.
«Сіз ашықсыз, сол үшін ұнатады», «Адам ұятты нәрсеге қызығады, сол үшін сізді көргісі келеді», «Өткеніңіз үшін қазір емес, кейін ұяласыз», «Әркім өзі үшін ұялсын», «Ешкімнің өмірін сөз етуге болмайды, бәрінің бір күнәсі бар», «Оразадан кейін өзгеретін шығарсыз», — деп жазды көпшілік.