Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің әйелімен бірге түскен суреті желіде қызу талқыға түсті.
Спортшы барша мұсылмандарды айт мерекесімен құттықтады. Ал желі қолданушылары ниқаб киген әйелге қатысты түрлі пікір жаза бастады.
«Ей, халайық, менде не шаруаларың бар? Өз өмірлерің керемет болса, мында жазбас едіңіздер. Бұл Сауд елінде түскен сурет, бұнда былай жүруге болады. Әйелім ниқаб тақпайды негізі. Бұл жерде масканын орнына таққан. Сәукеле, кимешек пен тақия ки дегендерге айтарым, батыстың киімін күнде киіп жүргендеріңізді ұмытпаңыздар. Бір рет арабтікін кигенде көріп қалады екенсіздер», — деп жауап қайтарды боксшы.
«Исламда осылай бетін жауып алсын демеген шығар, қызық осылар», «Базар жоқ, бірақ неге қазақтың ұлттық киімін кимеске?», «Мына бейне ата-бабаларымыздың әйелдерінде болмаған киім екен», деп жазды желі қолданушылары.