Әнші, KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Мөлдір Әуелбекова Instagram желісіндегі парақшасында тіл мәселесін қозғады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
Орындаушы жазылушыларын барынша ана тілін құрметтеуге шақырды.
«Біз үйде, өзге тілде мүлдем сөйлемейміз. Себебі, рұқсат жоқ. Әкем бірден тілімізді тияды. Шаңырақта өз тілімізге құрмет болуы заңдылық. Бұл біз үшін қалыпты жағдай. Ол солай болған және бұйырса, солай болады да. Есесіне, балаларымыз да, дәл сондай. Олар естігенін айтады, көргенін істейді», — деп атап өтті Әуелбекова.
Сондай-ақ, ол балабақшадағы бүлдіршіндердің басым көпшілігі орыс тілінде сөйлейтінін білгенде, ұлын сол жерден қалай алып кеткенін айтып берді.
«Бірде дүкенге бардық. Балам «Мама купи мне эту игрушку, пожалуйста. Она мне очень нравится!» деді. Бірден, өз әдетіме салып, қаталдық танытып «Сөйлеме орысша! Немене қазақ тілін үйретпеген бе, едім?!» деп ұрыса қалдым! Әнші болғасын дауысым жарқын шықты. Жан жағымдағылар қарап, естіп, пікір білдіріп жатты. «Зачем так, из за языка ругать ребенка» дегендей. Осыны айтып тұрған өзімізідің қаракөз келіншектер. Ананы естіп, «Енді менің жанымда орысша сөйлесең, тіліңді суырам!» дедім. Олар біртүрлі қарап, бірдемелер мыңғырлап жан жаққа кетті. Өзім болсам, тілімді мақтан тұтып, риза болдым сол жерде! Тілімізді құрметтейік», — деп сөзін түйіндеді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram