суббота, 2 июля, 2022
icon
466.44
icon
487.71
icon
8.56
Алматы:
icon
27oC
Нур-Султан:
icon
23oC
Подпишитесь на нас:
Фридом Финанс
Биржа kase признала АО «Фридом Финанс» победителем в 6 номинациях по итогам 2021 года
ffin.kz

«Ініммен болып қойдың»: Елорда лифтінде соққыға жығылған әйел көрген қорлығын айтты

Елордада лифт ішінде әйелін соққыға жыққан ер адамның әрекеті жұрттың жағасын ұстатты. Жәбірленуші күйеуі оны тіпті өз туыстарынан да қызғанғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

«Ініммен болып қойдың»: Елорда лифтінде соққыға жығылған әйел көрген қорлығын айтты

Ауыр соққы мен тепкіден әйелдің төрт жерден сүйегі сынып, миы шайқалған.

Аружан жолдасы Елнұр Байметовпен 2018 жылы отау құрған. Орталарында екі бала бар. Келіншектің айтуынша, көрмегені жоқ. Ұрған,соққан, буындырған. 20 градус суықта балконға қамап қойған.

Көп жағдайға жанжалға шектен тыс қызғаныш себеп болады екен. Тіпті соңғы кезде өз туысқандарынан да қызғануды шығарды дейді Аружан. Желіде тараған видеоға да сондай жағдай себеп болыпты.

«Біз екеуміз менің туыстарымның шақыртуымен караокеге бардық. Бір сәтте мен қолыма микрофан алып, ән шырқай бастадым. Екінші микрофонды күйеу балам, яғни сіңлімнің жолдасы алып қосылды. Күйеуім дереу ұялы телефоныма қорқытып хабарлама жіберді. Кеш тарқап үйге келгенде лифт есігі жабылмай жатып мені ұра бастады. Мен жерге құлап қалдым», — дейді жәбірленуші Аружан Байметова.

Бірақ жолдасының сол күнгі төмпешігі мұнымен бітпепті. Айтуынша, күйеуі өздерін үйге жеткізіп тастаған інісімен бірге болдың деп, әйелін тағы соққының астына алған. Бірақ полиция бұл деректі ескермей отыр дейді Аружан. Жалпы сол күнгі соққыдан келіншектің төрт бірдей сүйегі сынып, миы шайқалған. Ал енесі болса, бұл бәріміздің басымыздан өткен жағдай деп жұбатады екен.

«Оның ата-анасы жанжал үстінен түскенде, оны сабырға шақыруға тырысатын. Оның анасы менімен өте көп сөйлесетін. Барлығы жақсы болады деп сендірді. «Барлық еркектер осылай ұрады, мені де ұрды, менің әжемді де ұрды» дейтін. Мен осы сөздердің маған әсер ете бастағанын да байқамай қалыппын», — дейді жәбірленуші.

Сол сабырға шақырған енесі Шымкент қаласындағы белсенділердің бірі екен. Дәлірек айтқанда, балалар мен әйелдер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы. Ұлы желіні шулатқаннан кейін Гүлайым Шұңғараева әлеуметтік желідегі парақшаларын түгел өшіріп тастаған. Өзімен телефон арқылы тілдескенде «баламды қолдамаймын» деп отыр. Бірге тұрғанда ешқандай оғаш қылығын байқамадым деп ақталды.

«Бұл жағдайға қатысты айтып өтерім, әрине, қолдамаймын. Бірақ бұл — Астанада болған оқиға. Төрт жарым жыл бойы балам мен келінім менің қолымда тұрды. Ешқандай мұндай нәрсе, әуестік, қол жұмсау деген болған емес», — дейді күдіктінің анасы Гүлайым Шұңғараева.

Әйел құқығын қорғап жүрген белсенділер мұндай жағдайдың көптігін, бірақ басым бөлігі жабулы қазан күйінде қалатынын айтады. Жыл басталғалы төрт айда тағы 300-ден астам дерек анықталған. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі осы жылдың маусымынан бастап жаңа жүйені ойластырып қойыпты. Енді жәбір көрген әр азаматтың дерегі арнайы кітапшаға тіркеледі.

«Бірінші маусымнан бастап ел бойынша жаңа жобаны бастаймыз. Енді денсаулық сақтау ұйымдарына шағымданған әр азаматты арнайы журналға тіркеп отырамыз. Яғни зорлық-зомбылық, ұрып-соғу, жәбірлеу фактілері барлығы жазылады. Осылайша тек қана тұрмыстық емес, барлық зорлық-зомбылықты анықтай аламыз», — дейді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

Ал лифт ішінде әйелін соққыға жыққан ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 107, яғни денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Жігіттің өзі бостандықта. Оны ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберген. Ал жолдасынан зәбір көрген Аружан Байметова жақын күндері заңды түрде ажыраспақшы.

Что думаете об этом?
Написать комментарий
Последние новости
20:02
За взятку осужден бывший начальник колонии Шымкента За взятку осужден бывший начальник колонии Шымкента
19:34
Биржевая цена на сахар оказалась вдвое ниже магазинной – 450 тенге за 1 кг Биржевая цена на сахар оказалась вдвое ниже магазинной – 450 тенге за 1 кг
19:10
GGG оценил свои шансы нокаутировать «Канело» GGG оценил свои шансы нокаутировать «Канело»
18:31
В озере Сайран в Алматы выявили кишечные палочки В озере Сайран в Алматы выявили кишечные палочки
18:16
На 13 лет осудили педофила в ЗКО На 13 лет осудили педофила в ЗКО
17:56
Карантин по бруцеллезу ввели в селе на севере Казахстана Карантин по бруцеллезу ввели в селе на севере Казахстана
17:20
Сильный дождь и град стали причинами штормового предупреждения в 9 регионах РК Сильный дождь и град стали причинами штормового предупреждения в 9 регионах РК
17:09
В МВД заявили, что закон не запрещает казахстанцам снимать полицейских на видео В МВД заявили, что закон не запрещает казахстанцам снимать полицейских на видео
16:38
Баян Мақсатқызы «туып алуға» кеңес берген әйелге жауап берді Баян Мақсатқызы «туып алуға» кеңес берген әйелге жауап берді
15:49
Пункты пропуска на казахстанско-узбекской границе временно закрыли Пункты пропуска на казахстанско-узбекской границе временно закрыли
15:22
Густой дым накрыл район рынка «Алтын орда» Густой дым накрыл район рынка «Алтын орда»
14:35
«Прячут в подсобках»: В некоторых магазинах Актау сахар продают тайком «Прячут в подсобках»: В некоторых магазинах Актау сахар продают тайком
14:12
Токаев принял акима Алматы Токаев принял акима Алматы
13:50
Украина попросила Турцию арестовать казахстанское судно: Комментарий КТЖ Украина попросила Турцию арестовать казахстанское судно: Комментарий КТЖ
13:27
Рогозин заявил о запуске всех «Протонов», несмотря на соглашение с Казахстаном Рогозин заявил о запуске всех «Протонов», несмотря на соглашение с Казахстаном
Смотреть все
Эксклюзив
Интервью и мнения