пятница, 26 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
10oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Латвияда гүл сортына Dimash Qudaibergen атауы берілді

Димаштың 28 жасқа толуына орай Латвияның Babite атты бағында Dimash Qudaibergen рододендрон сортының 8 эксклюзивті көшеті алынды. Гүлдер әншінің өзі мен Нұр-Сұлтан қаласының Ботаникалық бағына беріледі, деп хабарлады Skifnews.kz dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

Осыдан тура екі жыл бұрын Димаштың латвиялық Dimash Latvia Dears фан-клубының өтініші бойынша Балтық рододендрондарының ең үлкен бағында Dimash Qudaibergen деп аталатын күлгін-қызыл гүлдері бар осы патша гүлдерінің жаңа сорттары тіркелді.

Сорттың авторы — Латвиядағы рододендрондардың бас селекционері Гунита Рихстин.

Бір жылдан кейін бұл патшалық өсімдіктердің гүлдену кезеңінде 50 мыңға жуық адам баратын латвиялық «Babite» рододендрондар паркінде Димаштың фан-клубының бастамасымен тағы да «Қазақстан бұрышы» ашылды.

Дәл сол жерде әншінің әжесі Миуа Низамутдинованың құрметіне Miuaniz деп аталған бозғылт қызғылт түсті гүлшоғыры бар жапырақты сорттары және Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай алтын-сары гүлдері бар Qazaqstan сорты да егілген.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 5