воскресенье, 5 мая 2024 г.
icon
444.14
icon
477.05
icon
4.85
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

«Қазақстандық Волочкова»: Баян Мақсатқызының фотосы елді таңғалдырды

47 жастағы Баян Алагөзова тағы да шпагатқа отырып, елді таңғалдырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Instagram/ bayanmaxatkyzy
Фото: Instagram/ bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер 6 жыл отасқан күйеуімен Еуропада саяхаттап жүр. Алдымен Италияның Милан қаласына сапарлаған Мақсатқызы артынан Монакода болып қайтты. Ал қазіргі уақытта Францияның Ницца қаласында демалуда.

Алагөзова Жерорта теңізі жағалауында шпагатқа отырған фотосын жариялады.

«Тәніңнің иілгіштігін жоғалтапайынша, ақылыңның орамдылығы да сенімен болады. Кім айтқанын білмеймін, бірақ керемет ой», — деп жазба қалдырды ол.

Көпшілік жасы 50-ге тақаған продюсердің дене иілгіштігіне таңғалды.

«Қазақстандық Волочкова», «Менің жасым 27-де. Бірақ менің денем, фигурам мен икемділігім мұндай емес», «Керемет сұлулық», — деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 25
Мне все равно 5
Забавно 5
Сочувствую 15
Возмутительно 8