суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
443.35
icon
475.54
icon
4.82
Алматы:
icon
8oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Тойға ашық киініп келген Кәмшат Жолдыбаеваны көпшілік сынға алды

Кәмшат Жолдыбаева тойға ашық образда келді. Ол әншілермен би билеп, бидің түбін түсірді. Алайда желі қолданушылары оның ерсі образын қабылдай алмады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Кадр с видео
Кадр с видео

Жуырда Жанар Айжанова немересінің 1 жасқа толған туған күнін атап өтті. Тойға өнер өкілдері тегіс жиналды. Олар тойда қонақ болып, тілек айтып, ізгі ниеттерін білдірді. Той қонақтары ішінде Кәмшат Жолдыбаева бар. Төсі ашық образда келген әнші тыңдарманның сынын естіді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жанар Айжанова 🇰🇿 (@zhanar_aizhanova_officiall)

«Кәмшат, бейнебаянды қойып тойға осылай киінетін болған ба?», «Мынау тіпті шектен шыққандық, іш киіммен жүргендей», «Өзі ұялмаса, жүре берсін, ел ұялу керек пе?», «Бала берсең, сана бер», «Үлкен аға әншілердің алдында қалай тұрды екен?», «Арсыз болсаң, бәрі болады», «Бұлар мұны еуропаның стилі, мәдениет деп санайды», «Қой дейтін ешкімі жоқ шығар», «Өзі білсін, жарасса кие берсін, кім кимей жатыр»,– деп жазды желідегілер.

Кәмшат Жолдыбаеваны өте еңбексүйгіш әнші деп бағалайтын әріптестері де, тыңдармандары да көп. Алайда сырт келбеті мен образы үшін қабылдай алмайтындар мен сын айтқын топ одан да өте көп.

Әнші олардың ешбіріне мән бермейді және БАҚ арқылы өзіне сын айтқандарға жауап берген емес.

Что думаете об этом?
Нравится 72
Мне все равно 5
Забавно 4
Сочувствую 183
Возмутительно 45