«Қамау керек»: Қыдырәлі Болманов туды қорлаған Shiza-ға ең қатаң жаза қолдануды сұрады
«Ирина Кайратовна» тобының концертінде мемлекеттік Туды қолына орап, қорлаған Shiza ең қатаң жазаға лайық. Әнші, продюсер Қыдырәлі Болмановтың пікірі осындай, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның пікірінше, мұндай сорақы жағдайдың орын алуы елімізде идеологияның дұрыс қалыптаспауынан. Тәрбие тал бесіктен, балабақшадан басталуы керек деген пікірді алға тартты ол. Бұл туралы Болманов Нартай Аралбайұлымен болған подкастта айтты.
«Кешегі туды умаждап тұрған жігітті, оны жігіт деп те айтқым келмейді. Жігіт адам өзінің іс-қимылы мен сөзіне бала кезінен жауап беруі керек. Махамбет-Исатайлар, Бөгенбай-Қабанбайлар, Бекзат Саттарханов сияқты олимпиада чемпиондары көк байрағымызды көтеріп жүргенде, бұл умаждайтындай кім? Олимпиада чемпионы болу үшін кемі 15 жыл еңбектенесің, дайындаласың. Сөйтіп көк байрақты әлемнің көгінде көтересің. Оны қолынан түк келмейтін біреу алып, сахнада умаждайды», — деп ашуланды Болманов.
Продюсердің пікірінше, музыка жастардың санасын дұрыс қалыптастырудың немесе улаудың төте жолы. Ал Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен концерттегі жағдайға үкіметтен бастап, бәріміз кінәліміз, дейді Болманов.
«Біз Қытайда концертке қатыстық. Біздің әр әніміздің үтір-нүктесін қарап, төрт әнді алып тастады. Тек «Қарындасыма» деген бір ән өтіп кетті. «Еліңді ойлап» деген қайырмасында бүкіл зал болып жыладық. Ондай кезде олар есіктердің бәрін ашып, сарбаздар кіріп келіп, бәрін таратып жібереді екен. Бір айтқан сөзіңнен қате кетсе, тындың. Бұл идеология», — деді Болманов.
Продюсердің пікірінше, Shiza лақап атымен танымал әртіске ең қатаң жаза қолданылуы керек. Себебі оның жазасын бүгін бермесе, ертең оның әрекетін қайталауға тырысатындар пайда болуы мүмкін, дейді ол.
«Туды умаждауға болмайтынын бәріміз бала кезден білеміз. Бірақ ана баланың санасында болмай тұр. Оның қасында біреу айқайлап тұр. Бұл біздің ел емес, жын-жуырттың ортасы сияқты. Боқауыз сөздер төгіліп жатыр. Бетбақдалаға бар да, айқайлайсың ба, өзің білесің. Бірақ ертеңгі күні ана болатын қазақтың 13 жасар қыздарының миын улап, олардың көз алдында туды умаждау қылмыстың үлкені деп есептеймін. Қатал заңмен жазалау керек. Қамау керек», — деп мәлімдеді ол.
-
Повзрослевшая Данэлия Тулешова получила множество хейта в свой адрес08.02.2023, 15:10Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»08.02.2023, 11:20Нейросеть назвала причины землетрясений в Турции08.02.2023, 10:10Казахстанку нашли живой под завалами в Турции08.02.2023, 19:35Сирия осталась одна? Голод, разруха, а теперь и землетрясение08.02.2023, 13:00Водитель автобуса смотрел порно за рулем в Астане – видео08.02.2023, 14:28
-
18:00Число погибших в Турции и Сирии в результате землетрясений превысило 17 тыс человек17:45Cперма во рту солдата: Адвокат обозначил подозреваемых17:31Штормовое предупреждение объявлено на большей части Казахстана17:16Сирийская девочка защищала своим телом брата во время землетрясения17:02«Дүкендерді, мешіттерді паналадық»: Түркиядағы қазақстандық студент жер сілкінісі жайлы айтты16:48Сразу на 3 тенге подешевел доллар на бирже16:34Мужчина убил двоих людей и пришел к полицейским с повинной16:20Казахстанцы смогут ездить на поездах с пересадкой16:06Российские артисты переезжают в Алматы15:52СТО с машинами сгорело в Астане15:39Жанар Дұғалова тұрмысқа шығатынын айтты15:25До 480 сигарет в год потребляет некурящий алматинец15:11Новый аким пообещал благоустроить набережную Астаны14:57Ди Каприо заподозрили в романе с 19-летней моделью14:43Троих подростков спасли из-под завалов дома в Турции, где находятся казахстанцы