Нұр-Сұлтанда дәрігерлер бір жасар баланың өңешінде отадан кейін мақтаны ұмытып кеткен
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 1 жасар баласына «Ана мен бала» орталығында ота жасалғанын айтады. Сөзінше, отадан кейін баланың өңешінде мақтаны алуды ұмытып кеткен. Салдарынан баласының миына ауа жетпей, жағдайы нашарлаған соң жансақтау бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Иллюстративное фото: ИА «NewTimes.kz»
Жақ сүйегі дамымай туған Жантөреге 8 айлығында Германиядан арнайы құрылғы алдырып, ота жасалған. Бірінші ота сәтті өтіп, жақ сүйегі бекіген. Бес айдан кейін құрылғыны алып тастау үшін екінші рет ота жасалыпты.
Баланың жақындары ота жеңіл болады дегендіктен күдіктенбегенін айтады. Алайда Жантөренің жағдайы күрт нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған. Анасының сөзінше, дәрігер отадан кейін өңешінде мақта ұмытып кеткен. Бұл туралы әйелге аурухананың анастезиологы айтқан көрінеді.
«Жансақтау бөлімінің меңгерушісі де дәрігерлердің кінәсі екенін айтты, бірақ мұны жасырып қалған. Демалыс күні баланы әдейі менің жаныма әкеп тастаған», — деді баланың анасы Арайлым Қайрат.
Ота Назарбаев университетіне қарасты «Ана мен бала» Ұлттық ғылыми орталығында жасалған. Мекеме басшылығы дәрігердің 15 жылдық өтілі бар білікті маман екенін алға тартты. Айтуынша, ота кезінде мақта қолданылмайды. Ал баланың анасы мұны дұрыс түсінбеген.
«Мақта адамның ішінде қалмайды, себебі мақтаны еш уақытта ота кезінде пайдаланбайды. Тексеріс нәтижесі шыққанша дәрігер жұмыс істемейді. Ал баланың жансақтау бөліміне жатқызылуы оның жағдайына байланысты емес», — деп мәлімдеді «Ана мен бала» орталығы директорының орынбасары Венера Алтынова.
Енді Арайлым Қайрат Бас прокуратура мен Денсаулық сақтау министрлігіне арыз жазбақшы. Қазір істің мән-жайын анықтау мақсатында тексеріс жүріп жатыр.
Қорытындысы бір айдан шығады. Ал бұл уақытта баланың жағдайы нашарлауы мүмкін деген ана авиациямен шетелдік ауруханаға жеткізсін деген талап қойып отыр.
-
«Вселился демон»: Алматинка убила сына, кошку и себя26.01.2023, 12:00Житель Туркестанской области «купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге26.01.2023, 07:11Баласы шетінеп кеткен Әсел Асқар күйеуінің оны үйден қуып шыққанын айтты26.01.2023, 16:04Новорожденному в Атырау сделали надрезы лезвием на лице26.01.2023, 11:08Женщина сожгла новорожденного: Начато досудебное расследование26.01.2023, 20:10Пригласил убрать квартиру, избил и надругался: Алматинка рассказала подробностиСегодня, 09:42
-
18:03Түркістан облысында 80 жастан асқан қария шаңырақ көтерді17:49Штормовое предупреждение объявлено в 7 областях РК17:35Работник суда украл 3 млн тенге у потерпевшей17:27Грузооборот КТЖ побил исторический максимум17:22Курс доллара упал на казахстанской бирже перед выходными17:08Нападающий «Барыса» стал автором лучшего гола недели КХЛ16:54Мужчина из Атырау избивает пожилую мать, обвиняя во всех бедах16:40Марат Омаровтың әйгілі әні шіркеуде қазақша шырқалды16:26Авто разорвало при столкновении со столбом в Алматы. Никто не выжил16:13Акиматам хотят разрешить застраивать национальные парки16:00За оскорбление учителя или врача придется заплатить двойной штраф15:48Техосмотр стал доступен для автомобилей с иностранными номерами15:35Почти 10 лет жители Шантобе борются с безработицей после закрытия рудника15:24Маленькая девочка восхитила TikTok игрой на домбре15:10Бибисара Асаубаева победила знаменитого гроссмейстера