пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

Қазақ тілінде ас мәзірін жасаудан бас тартқан кафе басшылары не дедi?

Алматыдағы дәмханалардың бірінде қазақ тіліндегі ас мәзіріне өтініш білдірген қонаққа «Қазақша жоқ, болмайды да» деп үзілді-кесілді жауап берді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото: Piqsels
Фото: Piqsels

Бұл туралы Facebook қолданушысы Дина Имамбай жазады.

«Момышұлы көшесіндегі кафенің администраторы қазақша ас мәзірін сұраған маған «Бұл жер ұнамаса, басқа жаққа барыңыз. Қазақша меню жоқ, болмайды да! Орыс тілі бізге жеткілікті. Орыс тілі — халықаралық тіл» деді. Ал көрші үстелде отырған қазақ келіншек «Қазақшаның не керегі бар? Орысша болса болды емес пе? Бізге бәрібір» деп администраторды жақтады.

Мыналар соғыс болса (беті аулақ) екі қолын көтеріп, сатып кететіндер ғой», — деп жазды Дина Имамбай.

Оның айтуынша, бұл кафе халал, даяшы қыздар орамалға оранып, жігіттер тақия киеді. Бұған дейін де ол кафеде даяшыларға қазақша ас мәзірі жөнінде ескерткен еді.

Кейін Дина Имамбай бұл оқиға бойынша тағы бір жазба жариялады.

«Кафенің әкімшісі қазақша ас мәзірі дәптері он күнде дайын болады деп уәде берді. Күтейік. Қолдау білдірген барша жұртқа алғыс айтамын. Көп болып талап етсек түзелмейтін кемшілік жоқ. Мемлекеттік тілді құрметтемейтін басқа ұйым-мекемелерге де сабақ болсын», — деді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 1
Забавно 8
Сочувствую 2
Возмутительно 4