«Некемізді қидық»: Ninety One әншісі үйленгенін растады
Ninety One тобының әншісі Батырхан Мәліков өзінің жеке өмірі жайлы айтып, өзінің сүйіктісімен некесін қидырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Кадр из видео
Ол туралы әртіс Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты.
«Заңды түрде емес, тек осы неке. Бұл біріншіден ортақталып жүрген кездер болды. Ешкімге айтпай кетіп қалғанмын, тек балаларға ғана айттым. Екіншіден, біз бұл жайлы ойламаушы да едік. Үйде мама-папалар «жасың келді, қашан үйленесің? Қызыңмен таныстырмайсын ба, кіммен жүрсің?» деп айта беретін болды. Туыстардан қысым болды», ― деді Батырхан.
Белгілі ақпарат бойынша, оның жары Вероника Ninety One тобының менеджері болып қызмет атқарған. Батырханның айтуынша, басында олар тек жұмысты ойлады.
«Үй алуды ойлап жүрдік. Сосын бір күні осындай ой келді. Некемізді қиып аламыз, өзімізге де жақсы. Құдайдан рұқсатымызды сұрап аламыз деген сияқты. Вероника бірден келісті. Ол ерекше. Маған сенімділік беретін қыз. Өте ақылды, момын, кез келген нәрсені нақты өз көзі жеткізіп білетін адам. Мен біраз түсінбеген нәрсемді Никадан сұрап түсініп аламын», ― деді ол.
Сонымен қатар, заңды түрде үйлену жоспарда бар ма деген сұраққа әнші «Әрине, бар» деп жауап берді.
-
«Вселился демон»: Алматинка убила сына, кошку и себя26.01.2023, 12:00Житель Туркестанской области «купил» в жены школьницу за 600 тыс тенге26.01.2023, 07:11Баласы шетінеп кеткен Әсел Асқар күйеуінің оны үйден қуып шыққанын айтты26.01.2023, 16:04Новорожденному в Атырау сделали надрезы лезвием на лице26.01.2023, 11:08Белгілі әнші Сейіл Аяған өмірден озды26.01.2023, 12:42Продавщица-фокусница в Шымкенте обманула клиента и попала на видео26.01.2023, 18:02
-
03:34Пятиклассника избили до сотрясения мозга в коридоре школы Алматинской области02:28Сколько заработала Елена Рыбакина после сенсации на Australian Open-202301:35В Шымкенте в частном доме с четырьмя детьми произошел взрыв00:17Сколько «слепых» зон, где отсутствует интернет и связь, в Астане?