«Томпақ, бәліш деп айқайлайтын»: Айдана Меденова артық салмағы үшін қорлық көргенін айтты
Қазақстан эстрадасындағы ең сұлу келіншектердің бірі — Айдана Меденова кезінде томпақ қыздардың қатарында болған. Әнші мектеп шағында артық салмағы үшін қатарластары тарапынан қорлыққа ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото с сайта 365info.kz
«Шынымды айтайын, мен ұзақ уақыт бойы мазақ пен қорлықтың нысаны болдым. Мені артық салмағым үшін қудалады. Қыстыгүні бойымды билейтін қорқыныш сезімі әлі есімде. Қыста ұлдар мектептен шыға берісте қыздарды күтіп тұрып, кейін оларды қарға лақтыратын. Ол мені қатты қорқытатын, себебі қардан тұра алмай қалатынмын. Сол күйі тұра алмай, қарда жатып қаламын ба деп ойлаушы едім», — деп ашығын айтты Меденова.
Әнші дене шынықтыру сабағында болған жағымсыз оқиғаны еске алды. Сол күні өзгелердің мазағы расталғандай түсті, дейді өзі.
«Бір күні дене шынықтыру сабағында мен серкеден секіре алмадым. Қолымнан келеді деп сенімді болдым. Мақсатыма қарай жүгіріп, іркіліп қалдым.
Барлығы менің үстімнен күлді және бұл жағдай мен естіген мазақ пен қорлық сөздерін растай түскендей болды.
Ең сорақысы, өзім жайлы ең сұмдық сөздерді шынайы деп қабылдадым. Артымнан: «Томпақ», «бәліш» деп айқайлайтын, ал мен үндемей әрі қарай кете беретінмін. Ойша бұл сөздермен келісетінмін.
Өмірімді өзгерту туралы шешім қабылдаған кезде басымдық берген пункттерімнің бірі — тәнім болды.
«Сұлу» емес, мобильді болу үшін, жеңіл қозғалу үшін, мақсатыма тиімді жолмен жету үшін арықтағым келді. Мен ол жолдан өттім. Өз тәнімді қабылдап, оны өзгерте алдым», — дейді Айдана Меденова.
-
Астанчан напугала ученица стоявшая в три часа ночи возле школыСегодня, 07:46«Не подкинут наркотики в карман»: Релокант из России о Казахстане03.02.2023, 11:20«Если на меня подадут в суд, я уеду»: Иностранные инвесторы о проблемах с бизнесом в Шымкенте03.02.2023, 00:00Многодетная мать, жившая с детьми в кафе, получила квартиру03.02.2023, 09:57Подросток насиловал сверстника: Полиция начала расследование03.02.2023, 19:37В Актобе судят устроившего резню директора школы03.02.2023, 01:00
-
14:21Мужчина специально проглотил столовую ложку13:33Поезд «Петропавловск -Алматы» загорелся в пути12:59«Ерекше баланың анасымын»: Төреғалидің әйелі күтпеген мәлімдеме жасады12:37Женщина исчезла по дороге на собеседование11:58День учителя планируют перенести в Казахстане11:32Саркози присоединился к казахстанской арт-выставке11:00Водителя автобуса с телефоном в руках сняли на видео в Актау10:35Заболевших КВИ за сутки в РК стало меньше09:57КамАЗ насмерть зажал механика в Акмолинской области09:15Столичный врач озвучил основные причины рака08:54На километровые пробки и частые аварии жалуются алматинцы08:15Новый фильм казахстанского продюсера выходит в прокат07:46Астанчан напугала ученица стоявшая в три часа ночи возле школы07:13Названы лучшие бойцы ММА из Казахстана06:37Нацбанк РК первым в мире выпустил 3D монеты