суббота, 27 апреля 2024 г.
icon
444.22
icon
476.38
icon
4.82
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

Маңғыстауда жас ана он екінші сәбиін дүниеге әкелді

Сегіз ұл, төрт қыз тапқан алтын құрсақты ана «Күміс алқа» мен «Алтын алқа» иегері, хабарлайды inbusiness.kz.

Фото: inbusiness.kz.
Фото: inbusiness.kz.

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тұратын Айнұр Жұманбетова 12-ші сәбиін жарық дүниеге әкелді.

«Ұл бала табиғи жолмен туған, салмағы – 3 келі 770 грам, бойы – 55 сантиметр.Ана мен сәбидің жағдайы тұрақты болғандықтан, үйіне шығарылды»,— деді облыстық «Ана мен бала» орталығының директоры Жапырақ Епенова

1985 жылы туған Айнұр 18 жасында тұрмысқа шыққан. 12-ші перзентіне Мұхаммед-Әмин деген есім беріпті. Сегіз ұл, төрт қыз тапқан алтын құрсақты ана «Күміс алқа» мен «Алтын алқа» иегері.

Өзі бала күтімімен үйде шаңырақтың шаттығын еселеп отыр. Отағасы дәнекерлеуші болып жұмыс істейді. Былтыр көп балалы ана ретінде мемлекет тарапынан арендалық пәтер алған.

«Отағасының айлығы және балалардың жәрдемақысымен ел қатарлы күн кешіп келеміз. Тұңғышым 17 жасқа толады. Биыл 11-сыныпты оқиды. Әскери қызметкер болуды жоспарлап отыр. Екінші ұл 9-сынып бітіріп, колледжге құжат тапсырып жатыр. Кішісі 1,5 жаста. Жолдасым да, өзім де көп балалы отбасынан шыққанбыз. Енді балаларымызға жақсы білім, тәрбие беріп, елге қамқор азамат қылып өсірсек арманымыз жоқ. Алла беріп жатса, әлі де бала тууға дайынмын»,– дейді батыр ана.

Бір қызығы, он екі баланың ішінде не егіз, не үшем жоқ.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1