пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-5oC
×

Желіде белгісіз әншінің «Ұйқым келмейді» әні қызу талқыланып жатыр

Желіде «Той думан» арнасында жарық көрген Алина Шакиева есімді әншінің әні қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Massaget.kz.

Кадр из видео
Кадр из видео

11 шілдеде телеарнаның YouTube-арнасында Алина Шакиеваның «Ұйқым келмейді» атты әні шыққан. Ән әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.

«Мына дауыстан ұйқы точно келмейді екен», «Ұйықтай салған дұрыс-ау», «Өмірімізді ұзартып, бір күліп алдық қой», «Не өлең мынау? Не мағына, не мәні жоқ», — деп жазды Желідегілер.

Кейін әншінің өзі бұл пікірлерге өз ойын айтты.

«Әркімнің өзінің пікірі бар. Бұл - менің екінші әнім. 4 жыл бұрын «Аялаймын» деген әнім шыққан еді.Менің негізгі мамандығым - заңгер. Болашақта кәсіби әнші болып, осы саланы дамытқым келеді. Болашақта жоспарымда тағы да ән жазу бар», - деді ол.

Алина Шакиева «1001 түн» бағдарламасында келесі әнін жақсы айтуға уәде берді. Бағдарлама мәліметінше, әнші Ресейден көшіп келген. Ол Ресейде 17 жыл тұрған.

«Келесі өлеңді акцентсіз, жақсы айтуға тырысамын. Ана тілімді құрметтеймін. Адам өз ана тілін білуі қажет деп санаймын. Қазір кәсіби деңгейде үйреніп жатырмын. Өлең жақсы болуы үшін тырыстым. Барынша тырыстым», — деді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 2
Забавно 1
Сочувствую 3
Возмутительно 1