«16 жасында келді, ата-анасы қарсы болды»: Айнұр Жүгінісова кенже келіні жайлы айтты
Ағайынды Жүгінісовтердің үшіншісі Мұхаммедәли биыл отбасын құрды. Ел кішкентайынан танып өскен әншінің есейіп, ер азамат болғанын байқамай қалды. Көпшілік оның әлі бала екенін айтып, отау құрғанына таңғалды. Бір қызығы, кәмелетке толған Мұхаммедәлидің үйленуіне ата-анасы мұрындық болған. Ал жаңа түскен келіннің жасы небәрі 16-да. Бұл туралы актриса, продюсер, ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: stan.kz
Үйдің үлкені Рүстем Жүгінісов бүгінде отбасылы, балалы-шағалы. Ал ортаншысы Мирас елді хит әндерімен қуантып жүр. Әзірге отау құрмады. Алайда ата-анасы ортаншы балаға «үйлен» деп жиі айтатын көрінеді.
«Мирас 22 жаста, оған да үйлен деп айтып жатырмыз. Жастарға да айтамын, не істеріңді бір біліп, бір білмей тұрғанда үйленген дұрыс. Мысалы, қыздар келін болғанда неге сіңбей жатыр? Өйткені есін біліп алғаннан кейін енесіне ене болып отырған қыздарды да көрдік. Ал жас ағаш иіліп тұрады. Қатып қалған қара ағашты әкеліп қойсаң, қақиып тұрады. Оны жайлап қаратуың мүмкін, бірақ иілдіре алмайсың. Ол баланың сүйегі де, еті де өзіңдікі болып кетеді. Өзіңнің балаң сияқты болып кетеді. Үлбіреп тұрған кезінде ісіңмен тәрбиелейсің», − дейді Айнұр Жүгінісова.
Айтуынша, Мұхаммедиәлидің жары 16 жасында шаңыраққа келін болып түскен. Алғашқыда қыздың ата-анасы мен атасы қарсылық білдіргенімен, кейіннен көндіккен.
«Бұлардікі нағыз қазақша болды. Екеуі екі жыл достасып, бір-бірін біліп жүрді. Екеуінің бір-біріне деген махаббаты үлкен болғаннан кейін, жүргізе беруге қорықтық. Өйткені мына бала анда жүгіреді, мұнда жүгіреді, дамыл жоқ. Алматы десе, Алматыға кетіп қалады. Келін Алматының қызы. Қой, екеуін үйлендірейік дедік.
Қыздың ата-анасы қарсы болды, әрине. Оңай болған жоқ. Атасы да қарсы болды. Бірақ қыз да кетем деп тұрғаннан кейін, кетемін деген қызды ұстамады», − дейді Айнұр Жүгінісова.
Айта кетейік, соңғы кездері Айнұр Жүгінісова ақ кимешек киіп, қазақтың ұмыт болған дәстүрін жаңғыртып жүр. Айтуынша, бүгінде қос келіні де ененің ізін жалғап, ақ жаулық киеді.
-
Роза Рымбаева немересінің бесік тойында ортаны бермей билей жөнелді26.03.2023, 21:41Попытка суицида после группового изнасилования: Дело поступило в суд в Павлодаре26.03.2023, 22:46С Димашем встретилась фанатка, выучившая ради него казахский язык26.03.2023, 11:59Токал брата Назарбаева покупала наркотики на его деньгиСегодня, 11:28ФИДЕ прокомментировала громкий скандал между казахстанскими шахматистками26.03.2023, 12:58Шахматный скандал: Немецкий гроссмейстер вступился за Жансаю Абдумалик26.03.2023, 19:40
-
19:40Массовое отравление школьников в Шымкенте: В смывах обнаружена кишечная палочка19:15Журналист Михаил Козачков осужден на 3,5 года условно18:44Около десяти новостроек могут снести в Караганде18:20Задержана преступная группа, «крышевавшая» клубы Тараза18:00Казахстанцев призывают не покупать некоторые ЖК в Алматы17:45Қытай еліндегі қазақтың сұлу қызы домбырыны керемет шертеді17:31Штормовое предупреждение объявлено на большей части Казахстана17:17Секс до 16 лет уголовно наказуем – напоминание прокуратуры17:08Токаев созвал первую сессию обновленного парламента17:03Школьники из Актобе разработали приложение для слабослышащих из разных стран16:52Акмолинская студентка отличилась на конкурсе мастерства во Франции16:40Елена Рыбакина сдержала обещание и отдала крупную сумму денег16:26Два казахстанца сбежали во время депортации из Кореи16:15Фото папы Римского в модном пуховике разлетелось по Сети16:08В Казахстане построят 50 учебно-оздоровительных и 100 крупных досуговых детских центров