Зейнетке шыққан Бердібек Сапарбаев немен айналысып жүргенін айтты
Көптеген жылдар мемлекеттік қызметте болған, оның ішінде басшылық қызметте жұмыс істеген мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаев қазір немен айналысып жүргенін және алдағы жоспарлары жайлы «Желмая» жобасында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Фото: пресс-служба акима Жамбылской области
Мемлекеттік қызметте 45 жылдай жұмыс істеген Бердібек Сапарбаевтың зейнетке шыққанына үш айдың жүзі болды. Сұхбат барысында қоғам қайраткері демалысын қалай өткізіп жатқаны туралы айтып берді.
«45 жылдай мемлекеттік қызметте жұмыс істедім, оның 30 жылдан астамы билік саласында екен. Қызметтен кеткен үш айда 40 жылда істемеген жұмыстарды атқардым десем болады. Әсіресе балаларым, немере, ағайын, туысқан, достарға бардым. Әр азамат өзіне ұнайтын жұмыспен айналысуы керек. Сол кезде адам тоқ болады, оның болашағы бар әрі бақытты болады. Қанша жыл жұмыс істегенде шамам келгенше халықтың сенімінен шығып, жағдайын жақсартуға тырыстым. Әр нәрсенің өз бастауы мен аяқталуы болады. Одан кейін әр нәрсені уақытында аяқтау керек, мен де солай жасадым. Еңбек еткен бес өңірде жаман жұмыс істемеген сияқтымын», — деді ол.
Зейнетке шығып, үйде отырып қалған адам тез қартаяды деген ол, алдағы уақытта кітап жазып, естелік қалдырғысы келетінін жеткізді.
«Адам болған соң өмір қызметпен тоқтап қалмайды, жалғаса береді. Бастысы ойлау қабілетімді тоқтатпауым керек, зейнетке шықтым екен деп үйде отырып қалуға болмайды. Адам үйде отырып қалса – тез қартаяды. Бұған дейін жинаған архивтерім бар, алдағы уақытта кітап жазу ойда бар. Қай өңірде жұмыс істесем де, не істегенімді жазып жүретін әдетім бар. Кіммен кездестім, қай жерге барғанымды күнделік ретінде жазып жүретінмін. Қазір соның барлығын топтастырып, қарап жазып шығуым керек. Өйткені артымнан қандай да бір естелік қалу керек», — дейді Бердібек Сапарбаев.
Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметтегі көп жылдар бойы жинаған тәжірибесін жастармен бөліскісі келетінін айтты. Оның ішінде ЖОО-ғы студенттерге дәріс оқу жағын қарастырып жатыр екен.
-
Россия завалила Казахстан просьбами о помощи обойти санкции19.03.2023, 10:57«Не знала, как себя вести»: Боксерша из Казахстана попала в необычную ситуацию на ЧМ-202319.03.2023, 01:26Певица Максим сорвала концерт в Сочи19.03.2023, 02:27Сына уральского судьи, подозреваемого в убийстве, поместили под стражу после резонанса19.03.2023, 00:2254-летняя женщина родила в Туркестанской области19.03.2023, 03:33Сегодня астанчане смогут бесплатно ездить на автобусах19.03.2023, 05:31
-
22:50Школьники играют на переменах в асык-ату в Астане22:20«Аттап кет, қаш, айқайла!»: Блогер Нагимуша алып қашудың құрбаны болған қыздарға кеңес берді21:40Сотрудник МВД протащил вертолет и попал в Книгу рекордов21:10Казахстанка отправила оппонентку в нокдаун на ЧМ-2023 по боксу20:36Экс-депутату Кайрата Кудайбергену вновь пролили арест20:21Список депутатов мажилиса по одномандатным округам20:12В Алматы ограничат движение на Наурыз20:00Лидеры КНР и США поздравили Токаева с праздником Наурыз19:45Рыбакина стала второй в чемпионской гонке WTA19:20В ЦИК озвучили предварительные итоги выборов в мажилис19:15Эксперты о выборах: «Благодаря реформам люди почувствовали вкус к политике»19:08Сорвал погоны и обматерил полицейского житель Туркестанской области18:34Токаев утвердил Информационную доктрину РК18:27Женщина упала с пятого этажа и разбилась насмерть в Семее18:11Президент Израиля поздравил казахстанцев с наступающим прадником Наурыз