четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

Зайытовтың әкесі: «Ринаттың кесірінен екі рет инфаркт алдым»

Айтыс аламанында айтқан өткір пікірлері бірден халықтың қызу талқысына түсетін Ринат Зайытовтың қоғамдағы әрбір әрекеті ата-анасы үшін оңай емес. Тіпті ұлының өміріне алаңдаған әкесі талай мәрте жүрек талмасына ұшыраған, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейне коллаж: exk.kz
Бейне коллаж: exk.kz

Бозбала кезінен-ақ айтыс сахнасында жалындаған Ринат Зайытовтың қадамын ата-анасы құптағанымен, танымал ұлының ақындар аламанындағы өнерін тамашалауға бармайды екен. Өйткені өткір тілді Ринаттың өмірі қауіп пен қатерге толы дейді.

«Жалпы, мен айтысқа барғым келмейді. Барсам, ауырамын, қысыламын. Шындығы керек, баламның сөздеріне қиналамын. Өткенде дәрігерге тексерілгенде, «Аға, сіз екі рет инфаркт алыпсыз» дейді. Мен қай уақытта алып жүргенімді білмеймін. Алсам, осының кесірінен ғана аламын. Бірақ әкем Зайыттың атын шығарып жүрген бала ғой. Әкемнің атын елге танытқаны үшін ұлыма ризамын», — дейді Ринаттың әкесі.

Әкесінің айтуынша, Ринаттың бұзықтығы бала кезден басталған екен.

«Кішкене көшеде жүреді, бұзақылық жасайды. Құдыққа да түсіп кетеді, талдан да құлап қалады. Әйтеуір, өліп қала жаздаған кездері көп болды. Кейін Ринатты ұрмай-соқпай, ақылмен тәртіпке салдым», — дейді Рифхат Зайытов.

Кезіндегі тентек Ринат — бүгінде бес баланың әкесі. Рифхат Зайытов ұлының жар таңдауда қателеспегенін де айтты.

«Менің білетінім, бұл жерде келін мықты. Осы Зүлфия сияқты келінді менің балама кезіктірген Аллаға мың да бір рахмет. Шындығы керек, басқа біреу болса баяғыда кетіп қалар ма еді», — дейді атышулы ақынның әкесі «Шешімі бар» бағдарламасында

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 2
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 3