понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-1oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Барлық адамның қолынан келеді»: Ләйлә Сұлтанқызы артық салмақтан қалай арылғанын айтты

Кезінде артық салмақтан жапа шеккендердің бірі - Ләйлә Сұлтанқызы. Тележүргізуші артық килограммдардан арылу үшін біраз тыраштанғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: stan
Фото: stan

«Бойжеткен, бізде сіздің өлшеміңіз жоқ», дейтін. Біріншіден, әдемі киінгім келеді. S, M өлшемді киім кигің келеді, ал сен XXL бергенде көңілің кәдімгідей жабырқайды. Жасың небәрі 20-да болып, саған 35 бергенде, тіпті көңілің түседі. Сол себепті терең депрессияға түскен кездер де болды», — деп бөлісті Ләйлә Сұлтанқызы.

Ол артық салмақтан арылуға не итермелегенін айтты.

«Артық салмақтан арылуыма ең бірінші кезекте махаббат көмектесті. Өмірге деген махаббат, болашақ жарыма деген махаббат. Мен тырысамын, ол менің қолымнан келеді. Сол сияқты барлық адамның қолынан келеді. Ең бастысы, әр дүйсенбі бастау емес, дәл қазір бастау. Өзіңді жақсы көре бастау. Өзіңе не керек екенін анықтап, жаза білу», — дейді Сұлтанқызы.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 4