Төреғали Төреәлінің отбасында үлкен қуаныш. Әнші жақын арада кенже қарындасын ұзатпақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
19 жастағы Дина Төреәліге сүйіктісі үйлену туралы ұсыныс жасады. Бойжеткен оның сөзін қабыл алып, тойға дайындықты бастап кетті.
Күйеу жігіттің есімі – Ернар Мұсабай. Болжам бойынша, спортшы. Ол Динаға футбол алаңында сезімін білдіріп, үйлену туралы ұсыныс жасады.
«Хоккейші деген тема осымен жабылсын, иә? Қандай спорт түрімен айналысатынын стадионда ұсыныс жасағанынан біле аласыздар», – деп құпияның шетін ашты Дина.
Ол тойға дайындықты бастап кеткенін айтты.
Айта кетейік, Төреәлі әулетінің үлкен қызы Фариза да спортшыға тұрмысқа шыққан. Оның жолдасы Дархан Нортаев – джиу-джитсудан әлем чемпионы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram