Әлеуметтік желіде кішкентай балақайдың апасының тойында жездесіне тілек айтып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.
«Бала тілі — бал» дегендей, бүкіл зал жас жұбайлармен қоса күлкіге қарық қылды.
«Жезде, сен апатайды ұрма, сосын апатайдан көп нәрсе сұрама, түсіндің ба? Ол саған робот емес бәрін жасайтын, сосын апатай өзі біледі не істейтінің», — деді микрофон ұстаған балақай.
Оның сөзіне кейбір желі қолданушылары да қосылды.
«Дұрыс болды, далада жатқан апатайым жоқ де», «Жарайсың! Нағыз жігіттің әңгімесі, өскенде нақты сөйлейтін бала болады», «Жезде саған айтам, құдағай сен тыңданың кері ғой», — деп жазды видео астында.
Посмотреть эту публикацию в Instagram