среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
12oC
Астана:
icon
6oC
1xadv
×

«Тойынған»: Әріптестері Ыстамбұлда той жасаған Тұрсынбаеваны сынағандарға жауап берді

Ыстамбұл төрінде дүркіретіп той жасаған Айнұр Тұрсынбаева бірнеше күннен бері ел аузында. Ақынның ұлы Беклан мен Мадинаның шаңырақ көтерген қуанышын Instagram арқылы 50 мыңға жуық адам тікелей эфирде тамашалады. Оқырмандар арасында жастар үшін қуанып жатқандар да, Тұрсынбаеваны «тойынған» деп сынағандар да бар. Ал ақынмен аралас-құралас әріптестері оған тіл тигізгендерге жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәселен, Мейрамбек Бесбаев Түркияда өткен тойдан алған әсерімен бөлісті.

«Беклан балам кішкентайынан көз алдымда өсті. Кішіге ізетін, үлкенге құрметін көрсетіп тұратын нағыз азамат. Бүгін міне келінмен бірге қол ұстасып үлкен өмірдің есігін аштыңдар. Жанұялық өмірде тек жақсылық көруіңе тілектеспін. Бұл – әкең мен шешеңнің сан жылдар бойы сағына күткен қуанышы. Сол қуаныш ұзағынан сүйіндірсін. Жалпы түгел түркі әлемінің астанасына айналған Ыстамбұлдағы той барша достардың басын қосқан керемет кеш болды. «Құтты болсын» деудің орнына, ел ішінде төріне төрт адам отырғызып көрмеген кейбір жандар ғайбаттап жатыр екен. Өздері білсін. Жүйелі қарғыс жүйесін, жүйесіз қарғыс иесін таппай ма? Айтыстың аламанында дара шапқан Айнұрдың бағасы ел алдында қашанда биік. Айнұр, тойың құтты, басың аман, бауырың бүтін, төңірегің түгел болсын. Ұрпағыңмен мың жаса», – деп жазды ол.

Сондай-ақ айтыскер ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхаммеджан Тазабек Тұрсынбаеваның ер адамға бергісіз мінезі жайлы айтты.

«Жалпы, Айнұр елдің бәріне тілектес, жұрттың қуанышына олардан бетер қуанып жүреді. Содан да шығар, Алла пейіліне беріп жатыр. Ақшамен, атақпен осыншама адамды жинау қиын. Алла берген абыройдың арқасы ғой. Үлкен тойды бір деммен, тап-тұйнақтай ғып өткізу, оның үстіне Ыстамбұл төрінде өткізу үлкен іскерлікті, қажырды талап етеді.

Айнұрға өзім таңғаламын. Пенде үшін ең басты байлық имандылық болса, оны да Алла нәсіп етті. Алланың бұйрығы деп орамал тартты. Тартып қана қойған жоқ, ұятты қыздардың намысын жыртып, қажетті жерге хат жазып, тиісті жерге тілегін жеткізді.

Айтыста алдына адам салмады. Ғұмырымда екі ақыннан жеңілсем, соның бірі Айнұр.

Тағдырдағы қиындыққа сынбау, сүрінсең қайта тұрып харекет жасаудың қазақ әйеліне тән үлгісін көрсетті. Әйел түгілі еркек басымызбен кейде Айнұрға қарап жігерленеміз, сыртынан сүйсініп, сілкініп аламыз.

Сомадай басымен сөзден қорқып, таудай тұлғасымен тұрып бере алмайтындарға қарағанда Айнұр достыққа адал, өзім деген адамға өзегін жұлып берердей жанашыр тұлға. Әрдайым, елдің басын қосып жүреді. Әсіресе бірге жүргенді ажырататын, танымағанға да тас лақтыратын, жақсыға жала жабатындар көп заманда мұндай қасиет қазақтың бір олжасы деп есептеймін» – деп жазды Мұхаммеджан Тазабек.

Что думаете об этом?
Нравится 4
Мне все равно 0
Забавно 2
Сочувствую 12
Возмутительно 8