четверг, 25 апреля 2024 г.
icon
443.85
icon
474.3
icon
4.8
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
2oC
1xadv
×

Ресейден келген мигрант жылқы союдан қорғау науқанын бастады

Ресейден келген мигрант жылқыны союдан қорғау науқанын бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейден келген экоблогер Орал қаласында қоныстанған. Келе салып ол қаладағы өзен арнасын тазарту бойынша экоакция өткізіп, көптеген қазақстандықтарды таңқалдырған еді.

Енді ол жылқыны союдан қорғау науқанын бастады.

«Ет үшін жылқыларды соймақшы. Жас, сап-сау жылқыларды сатып, тамағын кесіп қансырағанын күтіп қарап тұрады. Иттерді өлтіргендерді жазалаймыз да, заңды түрде жылқыларды сойып, етін жейміз. Жылқылар да ақыл-ой және эмоционалдық қабілеттері жағынан иттерден кем емес. Заңды түрде қасапшылықты тоқтату мүмкін емес. Бірақ жылқыларды сатып алып, олардың өмірін сақтап қалуға болады. Бір жылқының құны 72 мың рубль (саудаласуға болады). Ресейдің және ТМД елдерінің кез келген қаласына арзан тасымалдау мүмкіндігі бар», – деп жазды ол.

Оған қоса блогер, жылқыларды құтқару үшін арнайы шот ашып, ақша жинауды бастаған.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 8
Забавно 67
Сочувствую 23
Возмутительно 7