пятница, 19 апреля 2024 г.
icon
447.4
icon
477.55
icon
4.76
Алматы:
icon
21oC
Астана:
icon
24oC
1xadv
×

«Алған бетінен қайтпайды»: Димаштың әкесі ұлы жайлы қызықты ақпаратпен бөлісті

Танымал қазақстандық әншінің әкесі Қанат Айтбаев Димаш отбасында қандай екенін айтты, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпарат агенттігі «1001 түн» бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: instagram / kudaibergenov.dimash
Фото: instagram / kudaibergenov.dimash

Димаштың әкесінің сөзінше, үйде бала - бала болады ғой. Ал жалпы біздің үйдің үш баласы да әлі күнге менің әке-шешемнің ортасына барып, мауқын басып, еркелей кетеді.

«Димаш үйде ата-анаға бала бола біледі. Қарындасы мен інісіне аға бола біледі. Ақыл сұрайтын кездері де аз емес. Өзінің ойын ортаға салатын кезі де болады. Димаштың жасы біразға келгеннен кейін әртүрлі тақырыпта әңгіме айтамыз», — деді әншінің әкесі.

Айтбаевтың айтуы болйынша, қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелерге танымал әнші өз қынжылысын айтып отырады.

Оқи отырыңыз: Димаштың өзінен айнымайтын туған інісі желі жұлдызына айналды

«Нағашы әжем «Баланың өзін туғанмен, мінезін тумайсың» деп айтып отыратын. Біздің үйдің үш баласының мінезі үш түрлі. Димаш алған бетінен қайтпайды. Сосын ешқашан жасып қалмайды. Оның алға қойған мақсаты, жүрегіндегі сенімі бар. Ортаға салады, біз пікірімізді айтамыз. Бірақ шешімді қабылдайды. Өйткені азамат қой», — деп атап өтті Қанат Айтпаев.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 10