Димаш миллиардаттаған ақшаны бейбіт адамдардың өліміне себеп болған соғысқа жұмсайтын адамдарды сынға алды, деп хабарлайды Экспресс К.
Әнші әлемді алаңдатқан соғыс туралы ішкі ойын Instagram парақшасына жазды.
Димаш әскерилер қақтығысның кесірінен қаншама балалар аштыққа тап болып жатыр дейді.
«Соғыс болып жатқан елдерде балалар нанның қоқымын теріп жүрген видеоларын көрдім. Олар оны қайнатып, сорпа жасайды. Неге бұлай болып жатыр? Неге бейбіт адамдар аш қалып жатыр? Неге кейбіреулер миллиардтаған ақшаны соғысқа жұмсайды?» — деп жанайқайын жазды.
Бейбіт адамдардың өмірі мен қауіпсіздігіне жаны ашыған Димаштың бұл жазбасы желі қолданушыларының көңілін босатты.
«Димаш, сенің жанашырлығыңа тәнтімін;
Зұлымдық пен қатыгездікке әлем болып қарсы тұруымыз керек;
Барлығымыз болашағымызға қорқынышпен қараймыз», — деп жазды пікір білдірушілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram