пятница, 29 марта 2024 г.
icon
448.15
icon
483.46
icon
4.86
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

«Гранатаны денесімен жапқан»: Таразда өз өмірін құрбан етіп, лаңкесті залалсыздандырған полицейді еске алды

Тараздық 11 жыл бұрын өз өмірін қиып, лаңкесті залалсыздандырған полицейдің ерлігін еске алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото:sputnik.kz
Фото:sputnik.kz

Бүгін, 12 қараша лаңкестің Тараз көшелерінде емін-еркін жүріп, арнайы құрылым қызметкерлеріне оқ жаудырғанына тура 11 жыл болды. Жергілікті халыққа қауіп төндірген лаңкесті денесін жауып тоқтатқан полицей Ғазиз Әбішев өз өмірін құрбан еткен. Ол гранатаны жауып, сол уақытта көшеде болған ондаған адамның өмірін сақтап қалды.

Қайғылы оқиға кезінде қылмыскердің қолынан 7 адам қаза тапты, оның ішінде қарапайым азаматтар да бар. Байтасовқа қаза тапқаннан кейін Халық Қаһарманы атағы берілді. Оның құрметіне Таразда бірнеше ескерткіштер ашылған.

Айта кетейік, бүгін Петропавлда да елі үшін қаза тапқан полицейді еске алуға арналған мемориалдық тақта ашылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 4