среда, 30 ноября, 2022
icon
468.43
icon
485.43
icon
7.67
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-15oC
Подпишитесь на нас:
Общество Аружан Сердалина
16 ноября, 2022, 14:57

«Қарттар үйіне өткізіп жіберіпті»: Ақын Мұхтар Шаханов жайлы сұмдық ақпарат тарады

Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жайлы әлеуметтік желіде сұмдық ақпарат тарады, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қарттар үйіне өткізіп жіберіпті»: Ақын Мұхтар Шаханов жайлы сұмдық ақпарат тарады

Әлеуметтік желі бетінде «Мұхтар Шахановты қарттар үйіне өткізіп жіберіпті» дейтін шындыққа үйлеспейтін жаңсақ ақпарат тарап жүр.

Ақын өзі туралы жалған әңгіме айтқандарды сотқа беретінін және кешірмейтіні туралы видео үндеу жолдады.

«Мен өз үйімде отырмын. Мына жерде менің кітаптарым, әртүрлі адамдармен түскен суреттерім тұр. Мен туралы өсек таратқандарды кешірмеймін! Оларды керек болса, сотқа беремін. Себебі әйелім Ханшайым мен дегенде ішкен асын жерге қояды. Сол әйелімнің арқасында, Құдайға шүкір, осылай аман-сау жүрмін. Сондықтан маған былапыт сөздер айтып, менің абыройымды төккен адамдарды керек десе, халықаралық сотқа беремін»,- деді видеода Шаханов.

Что думаете об этом?
Подпишитесь на нас:
Написать комментарий


Эксклюзив
Интервью и мнения