Актриса Салтанат Құдайбергенова өзі білім алған Т.Қ.Жүргенов атындағы өнер академиясындағы «сессияны секспен шешкен» қыздар туралы естігенін айтты.
Бұл туралы ол Aman Tasygan LIVE YouTube арнасына берген сұхбатында айтып берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Журналистің «Т.Қ.Жүргенов атындағы өнер академиясында оқыдың. Ол жерде «сессия - секспен шешіледі» деген көзқарас пайда болды. Расында солай ма?» деген сауалына Салтанат Құдайбергенова жауап берді.
«Ол қызға, адамның өзіне байланысты. Менде ешқашан ондай жағдай болмапты. Бірақ, естейтінмін сондай қыздар бар екенін. Тіпті, кім екендерін білетінмін. Майшам ұстап, өз көзіммен көрмеген соң түк те айта алмайсың», - деді ол.