Кәсіпкер көше сыпырушысын адам танымастай өзгертті
Желіде көше сыпырушысының түр келбеті адам танымастай өзгерген видео пайда болды. Видеода қала тазалығын сақтап, көше сыпырып жүрген әйелге бейтаныс адам оны әсемдік салонға апарып, сырт келбетін тегін түрде түгел өзгертуге ұсыныс жасайды. Massaget.kz тілшісі әйелдерге мұндай мүмкіндік сыйлап жүрген кәсіпкермен сұхбаттасты.

Видеодағы кәсіпкер — Жәмилә Серікқызы. Ол Jemelle_beauty әсемдік салонының басшысы. Бұдан 10 жыл бұрын Ақтөбедегі сұлулық салонының біріне жұмысқа кірген. Арада 5 жыл өткеннен кейін өз ісін бастауға бел буған. Кейіпкердің айтуынша, алғашында ұжымында 3 адам болса, қазір азды-көпті 23 адам.
Жәмилә Серікқызы мұхтаж жандарға көмектесу, әйелдерді бір күн болсын бақытты қылу идеясы кішкентайынан ойында жүргенін айтты.
«Адамға көмектесу қандай сезім сыйлайтынын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Кішкентайымнан теледидардан жағдайы жоқ адамдарға көмектесіп жатқандарды көргенде, мен де есейгенде адамдарға қол ұшын беремін деп армандайтынмын. Ата-анамыз бала кезімізден бізді солай тәрбиелеген. Бала кішкентайынан көргенін, естігенін жасайды ғой. Мен әкемнен өнеге алып өстім. Ол қолындағы бір үзім нанын бөліп беретін, өзі жемесе де, жұртқа көмектесетін», — дейді кәсіпкер.
Әсемдік салонының басшысы бұл салаға бала кезінен армандап келгенін айтты. Оның айтуынша, ол кішкентайынан анасымен салонға барып, сонда әдемі, күтінген қыздарды көріп, шабыттанған.
«Негізгі мамандығым басқа, бірақ осы салада дамуды таңдадым. Адамның келбетін өзгерту - менің қолымнан келетін іс. Әйелдің бәрі әдемі, олар бақытты болуға лайық. Бірақ жағдайы төмен, салонға мүлде кіріп көрмегендер де бар. Ал мен әйелдердің өмірін түбегейлі өзгерте алмаймын ғой. Сондықтан маған олардың бір күнін өзгертіп, бақытты қылу идеясы келді. Әрине, мастерлер де күнделікті нанын табу керек. Сондықтан мен жұмысшыларыма барлық процедура үшін өз қалтамнан төлеймін. Сырт келбетін тек макияж жасап өзгертпейміз, маникюр, педикюр, массажын да жасаймыз. Сосын шай, кофе ұсынамыз», — дейді Жәмилә Серікқызы.
Кәсіпкердің айтуынша, көше сыпырушысына шамамен 300 мың теңге кеткен.
Кәсіпкер бұл идеясын жүзеге асырмас бұрын Instagram-парақшасы арқылы жазба жариялаған. Кейін әлеуметтік желі арқылы көмекке зәру адамды табу жарамсыз екенін түсініп, базар аралап іздеген.
«Тегін нәрсені бәрі жақсы көреді ғой. Алғашында Instagram-парақшамда осындай идеямның бар екенін айтып жарияладым. Көп адам жаза бастады. Олардың парақшаларына кіріп қарасам, жағдайлары жақсы сияқты көрінеді. Сондықтан былай болмас деп, көше аралап жүріп, жағдайы төмен адамға өзіміз ұсыныс жасаймыз деп шештік. Сөйтіп көше сыпырушы апайға өзіміз жолығып, ойымдағыны айттым. Ол қуана келісті», - дейді Жәмилә Серікқызы.
Жәмилә Серікқызы әйелдерге тек макияж бен маникюр емес, сондай-ақ, киім алып, кешкі асқа да апарады. Оған қоса, оқырмандарымен ақша жинап, кейіпкеріне ұсынады. Ол көмектесетін әйелге толық бір күнін арнайды.
«Кейін неге мен спонсор іздемеймін деп ойландым. Тек бір күндік әдемілікті емес, әйелге шабыт сыйлауға тырысамын. Әдетте әйелдер кешкі аста сырын айтып, маған ақтарылады. Негізі көпбалалы аналарға, ажырасып кеткен, өмірден түңілген, қиналып жүрген әйелдерге көмектесуге тырысамын. Оларға мотивация бергім келеді. Ақтөбедегі бірнеше спонсормен сөйлестім. Бір бутик киім беретін болды, ал гүл сататын орталық гүлмен қаматамасыз ететін болды. Осылай әйелдің бір күнін есте қаларлықтай өткізуге тырысамын», - деді салон басшысы.
Кейіпкердің айтуынша, әйелдің сырт келбетін өзгерткеннен кейін тіпті күйеулері танымай қалып жатады.
«Бір қызық жағдай болды. Есімде бір әйелдің сырт келбетін тегін өзгерткенбіз. Ол күйеуі келген соң, күйеуіммен таныстырайын деп болмады. Сыртқа шықтық. Күйеуі әйелін танымай ұзақ тұрды. Мынау менің әйелім деп қайта-қайта сұрайды», — деп күліп еске алды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
-
Повзрослевшая Данэлия Тулешова получила множество хейта в свой адрес08.02.2023, 15:10Что говорят астанчане об известном доме с «привидениями»08.02.2023, 11:20Нейросеть назвала причины землетрясений в Турции08.02.2023, 10:10Казахстанку нашли живой под завалами в Турции08.02.2023, 19:35Сирия осталась одна? Голод, разруха, а теперь и землетрясение08.02.2023, 13:00Водитель автобуса смотрел порно за рулем в Астане – видео08.02.2023, 14:28
-
14:15Президент Казахстана поручил направить гуманитарную помощь Сирии14:00На месте бывшей резиденции президента в Алматы появится парк13:00Полицейские нашли и наказали проституток за голые фото на их сайте12:45Житель Хромтау обустроил «умный дом» своими руками12:30Еще трех человек вытащили из-под завалов казахстанские спасатели12:14Активно сносить дома начнут в Казахстане12:00«Приставал к моей дочери»: Туркестанка обвинила полицейского в изнасиловании11:45Казахстанцев предупредили о холере, чуме и лихорадках за рубежом11:31Проблемы с теплом в Экибастузе не смогут решить до конца зимы11:17Четырех педофилов кастрировали в Шымкенте11:03В новом генплане Алматы учтены тектонические разломы последних лет10:49Шар Expo окрасился в цвет флага Турции10:35Гарик Харламов женился на казахстанке?10:21Сколько человек работает фрилансерами в Казахстане10:09Землетрясение в Турции и Сирии: Число погибших превысило 15 тыс человек