Қазақстандықтарды Екібастұздағы апат алаңдатып отыр. Тіпті, қор ашып, жылусыз қалған Екібастұз тұрғындарына көмекке ұмтылып жатқан еріктілер де баршылық. Ал, бұл жағдай қала әкімінің отбасына қалай әсер етті, қыстың көзі қыруда елі жылусыз қалған әкім мен әйелі туралы не белгілі?
Caravan.kz осы сауалға жауап іздеп көрді.
Жалпы, Екібастұз қаласына жауапты Аян Бейсекиннің отбасына қатысты дерек, үйленгендігі туралы ресми ақпарат көздерінде айтылмайды. Дегенімен, Instagram-да белсенді әкім әйелі мен қыздарының суретін желіде жариялапты.
Әкімнің әйелі Instagram парақшасында қыздарын, олардың туған күндерін жақсылап атап өткендіктерін жиі көрсетеді. Қымбат локацияда арнайы фотосессия да жасайды.
Instagram парақшасында шалқыған өмірінен хабардар беретін біраз фото-суреттер байқауға болады. Бұған дейін қымбат дастархан жайып түскен суретті, устрица, шаян сияқты экзотикалық тағамдар жеген фото-видеолары да болған. Неге екені белгісіз, қазір оларды өшіріп үлгеріпті.
Отбасылық демалыстарын жағажайда, күнге қыздырынып өткізеді екен. Таңдауы қымбат қонақүйлерге түсетін секілді.
Ал, дүкен аралап, балаларына әдемі ойыншықтар алып жүргенде түскен фотосындағы Lacoste бас киіміне қарап, қымбат брендтерден киінгенді құп көретінін де аңғаруға болады.
Сондай-ақ, әкімнің келншегі танымал әнші Nazima-мен жақын араласатынға ұқсайды. (Қызығы, бұл фотоның артқы фонында әкімнің өзі де көрініп қалыпты. Бір қарағанда іші пысып отырған сияқты көрінеді).