Жаңа жылға үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма?
Бұл сұрақты ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қойды, деп хабарлайды «NewTimes.kz» ақпараттық агенттігі.

Фото: БОРТ N1
«Үкіметтің негізгі міндеті – еліміздегі экономикалық мәселелерді шешумен айналысу. Бұл – үкімет мүшелерінің, әкімдердің, ұлттық компания басшыларының тікелей жауапкершілігі. Сондықтан мен премьер-министр Әлихан Асханұлы Смайыловтан шынайы жауап алғым келеді. Жалпы, жаңа жылға үкіметтің осы құрамымен аяқ басуға бола ма? Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үкіметтің қолынан келе ме? Үкімет іштен және сырттан болатын барлық экономикалық қауіп-қатерлерге қарсы тұра ала ма?» ― деді мемлекет басшысы.
Президенттің айтуынша, бұл мәселелер мемлекет басшысының премьер-министрмен және парламент депутаттарымен өткізетін консультациялары кезінде мұқият талқылануы керек.
«Келесі жылдың бірінші жартысында елімізде парламент сайлауы өтеді. Мен ұсынған саяси реформалар бағдарламасына сәйкес заң шығару билігі және жергілікті өкілді органдар сапалық тұрғыдан маңызды өзгеріске ұшырайды. Үкімет те осы реформа үдерісінен тыс қалмауға тиіс. Бұл жұмыс бір уақытта, бір қарқынмен жүргізілуі керек. Сол себепті, мен барша үкімет мүшелері осы мәселе жөнінде ойлануы керек деп санаймын. Халқымыздың игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарыңыз табысты болсын», ― дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
-
«Не подкинут наркотики в карман»: Релокант из России о Казахстане03.02.2023, 11:20«Если на меня подадут в суд, я уеду»: Иностранные инвесторы о проблемах с бизнесом в Шымкенте03.02.2023, 00:00Многодетная мать, жившая с детьми в кафе, получила квартиру03.02.2023, 09:57В Актобе судят устроившего резню директора школы03.02.2023, 01:00Подросток насиловал сверстника — полиция начала расследование03.02.2023, 19:37Уникальная средневековая башня в Туркестанской области разрушается после реставрации03.02.2023, 03:00
-
05:05Роналду забил первый гол в Саудовской Аравии03:33Алматинцы пытаются узаконить угнанные автомобили02:37В судах Алматинской области искали бомбы01:20Посещение кафе и ресторанов обходится все дороже - уже плюс 40%00:10Президент, не торгуясь, купил камчу на выставке в Таразе