четверг, 2 февраля, 2023
icon
460.87
icon
501.56
icon
6.57
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-15oC
Подпишитесь на нас:

«Жыртыл, қазақ!» Мейрамбек Бесбаев әртістерді «шегіртке» дейтіндерге жауап берді

Әлеуметтік желіге әр қадамын салып отыратын өнерпаздар халықтан жиі сөз естиді. Ел алдында жүрген шоу-бизнес өкілдеріне түрлі пікір жазатын жұрттың әрекеті Мейрамбек Бесбаевтың ашуына тисе керек, ол жеке парақшасында арнайы жауап беріпті, деп хабарлайды Экспресс К.

«Жыртыл, қазақ!» Мейрамбек Бесбаев әртістерді «шегіртке» дейтіндерге жауап берді

Фото: instagram.com / m_besbaev

Дәл қазір Мейрамбек Бесбаев отбасымен Дубайда демалып жүр.

Шет елге саясаттаған «МузАрт» тобының солисіне желі қолданушылары түрлі жағымсыз жазбаларды қарша боратқан көрінеді.

Ол өзіне кереғар пікір білдірген көпшілікке пост арнапты.

«Мақтанбашы», «Осылардікі өмір», «Шегірткелер», «Жалғыз сен емес шығарсың Дубайға барған». «Тойынғаннан секіріп жүр ғой», «Қойсаңдаршы осындайларыңды», «Ішкен-жегенін, қыдырғандарын сала береді осылар-ақ», «Жыртыл қазақ», «Жүріңдер сол ақшаны шет елге шашып», «Сен бармасаң футбол өтпей қалатындай», деп жазбағандарға бүкіл әлемді шарлау жазсын», — дейді Бесбаев.

Мейрамбектің бұл жазбасын басқа шоу-бизнес өкілдері де қолдап, астарлы әзілдерімен жауап берді.

«Мақтана бермеші. Сен бармасаң футбол болмай қала ма, осы сендер-ақ» деп жазбаймын, Мәке», — деді Сәкен Майғазиев.

В статье:
Что думаете об этом?
Подпишитесь на нас:


Эксклюзив
Интервью и мнения