«Жылап оянамын»: Ләйлә Сұлтанқызы өзін не мазалап жүргенін айтты

Күйеуінен айырылған танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жиі түс көріп, мазасы қашқанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Жылап оянамын»: Ләйлә Сұлтанқызы өзін не мазалап жүргенін айтты

«Соңғы кездері жиі түс көріп жүрмін. Бір күні терлеп, бір күні қуанып, бірде жылап оянамын. Бүгін де шым-шытырық түс көрдім», – деп жазды Ләйлә.

Ол түсінде не болғанын айтып, оқырмандарымен бөлісті.

«Жаңбыр құйып тұр. Қайрекем әдемі киініп алып, күлімдеген жүзімен маған қарап тұр екен. Ырымшыл халықпыз ғой. Түсімді жақсылыққа жорыдым», – дейді тележүргізуші.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 9
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 1