суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-3oC
Астана:
icon
-6oC
×

Диана Қырықбай: «Қалыңмалым 50 мың доллар»

Блогер әрі тележүргізуші Диана Қырықбай әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандардан келген сауалдарға жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: instagram/diana_kyrykbay
Фото: instagram/diana_kyrykbay

«Қалыңмалыңыз қанша?» деген оқырман сұрағына «білмеймін, 50 мың доллар шығар» деп ашық жауап берді.

Оқырмандардың бірі Диананың бай жігіт іздейтінін айтып, тұрмысқа шықпай жүргенінің себебін болжады. Бұл пікір де жауапсыз қалмады.

«Тым таяз ойлайсың, жігітім. Біздің жігіттердің ойынша, байға тию – өмірдің потологы. Мәселе сол байлықта болса ғой. Баяғыда тиіп кетер едім. Өкінішке қарай, байлықтан да маңыздырақ дүниелер бар», – деп жазды Диана.

Блогер биылға жоспарларымен де бөлісті.

«Осы жылы көңіл көтеріп, кездесулерге шығып, барынша күліп, саяхаттаймын. Сондықтан, менімен бірге болыңыздар», – делінген жазбада.

Оқырман тарапынан қойылған: «Неге модель немесе актриса болмадыңыз?» деген сұраққа, тележүргізуші: «Бойым 161 см. Модель болуға бойым жетпейді. Ал актрисалық карьера әлі алда деп ойлаймын. Жақсы рөл болса, неге жасамасқа?» – деп әзілмен жауап берді.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 2