«Төбелеске жақынмын»: Қыдырәлі Болманов тағы мақтанды
Танымал әнші Қыдырәлі Болманов өнердегі әріптесі Жанар Айжановамен қалай танысқанын айтып, екеуінің де төбелеске жақын болғанымен мақтанды, деп хабарлайды Экспресс К.

Фото: stan.kz
Ол 1990 жылдары Жанар Айжанова өте танымал болғанын, Қазақстанның қай елді мекенінде концерт берсе де әрқашан аншлагпен өтетінін айтты.
«Екеуіміз сол жылдары таныса салысымен-ақ дос болып кеткенбіз. Бір күні өзінің концерттеріне, гастрольдік сапарларға бірге жүруге шақырды. Жанармен бүкіл Қазақстанды аралап шықтық десем болады», — дейді Қыдырәлі Болманов.
Сосын Жанардың ер жүрек қыз екенін, өзінің де төбелеске жақын болғанын айтып, мақтанды.
«Ол бірде әңгімесін айтты. Гастрольде жүрген кезінде төбелес басталып кеткен. «Сол жаққа қарай бергенде, біреу секіріп кеудемнен тепті. Шалқамнан құлағаныммен, атып тұрдым. Сосын құлаштап тұрып құлақ-шекеден пердім» деген кезде, риза болып қалдым», — дейді әнші.
Ол алғаш рет осы әңгімені естігенде,аузы ашылып,кино көріп отырғандай «красавчик братан» деп қоя жаздағанмын дейді.
«Өзім де төбелеске жақындау едім. Небір әңгімеден жіберетінбіз. Қасымда қыз бала емес,ұл бала жүрген сияқты», — дейді Қыдырәлі Болманов.
Бұған дейін бір кездері «Бұлбұл құсым» әнімен көпшілікке танылған, ерекше дауысы бар әнші Нұржан Қалжан 10 жылдан астам уақыт сахнадан көрінбей кетуіне Қыдырәлі Болмановтың қатысы барын жазғанбыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
-
Снимок Путина на высоких каблуках вызвал горячие споры в Сети28.01.2023, 09:00Несколько месяцев пролежал в своей квартире актюбинский пенсионер28.01.2023, 00:00Россиянам больше не продают новые авто в Казахстане28.01.2023, 03:00Обмороженный труп обнаружили возле трассы в Шымкенте28.01.2023, 07:00Исторический финал прошел для Казахстана на Гран-при по дзюдо28.01.2023, 05:00Названа причина смерти сенатора Гульмиры Каримовой28.01.2023, 17:25
-
02:32Денежные переводы из России в Казахстан выросли на сотни процентов01:27Казахстанский дзюдоист потерпел поражение в финале Гран-при в Португалии00:26Реанимация, сотрясение головного мозга: Врачи рассказали о состоянии пострадавших от наезда снегохода