пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
21oC
1xadv
×

Күндесін 10 жыл құлдықта ұстаған Түркістандық келіншек өз ақиқатын айтты

Күйеуіне тоқал әперіп, күндесі күн бермеді деп айыптаған Түркістандық әйел «Көреміз» бағдарламасына өз ақиқатын айтуға келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Гүлмираның айтуынша, Айгүлді күйеуіне өзі тоқал қып алып берген. Оның бұл әрекетіне екі қыздан кейін құрсақ көтере алмауы себеп болған көрінеді. Сондай-ақ, бәйбіше «10 жыл бойы құлдықта» ұстады деген Айгүлдің сөзін жоққа шығарды.

«Күйеуім ұрпақсыз қалмасын деп Айгүлді тоқалдыққа алып бердім. Барлық жөн-жоралғыны орындап, қолын сұрап бардық. Өзі келісім берді. Құл болған жоқ, үйдің тірліктері әйелдің мойнындағы жұмыс. Оны мен де істеймін. Мұнда келген мақсатым – балаларды көру, шындықты айту», – дейді Гүлмира.

Бәйбіше тіпті Айгүлге өзінің төлқұжатын да ұстатпайтын көрінеді. Айгүлдің айтуынша, күйеуінің, өзінің, балалардың құжаттарының барлығы бөлмедегі шағын сандықта сақталады. Құжаты қажет кезде бәйбішенің рұқсатымен сұрап алатынын айтты.

«2013 жылы 22 жасымда осы үйге келін болып түстім. Күйеуім 48 жаста. Отбасымды сақтау үшін бәрін көрдім», – дейді Айгүл.

Гүлмира Айгүлдің сіңілісі балаларды көрсетпеді деп шағымданса, құдаша қыз Айнұр бәйбішенің хабарласып, балалармен қалағанынша тілдесіп тұратынын айтты.

Айгүлге «әкесі мен балаларының арасына түспе» деп өтініш айтуға келген Гүлмира үзілді-кесілді «жоқ» деген жауап естіді. Жүргізуші балаларды әкесімен кездесуіне не себепті қарсы екенін сұрады.

«Мені кезінде басымнан темірмен ұрды, аяғымды сындырды. Мен көрген азапты балаларым көрмесе екен деймін. Күйеуім мені «баламен сөйлесе алмасам, саған тиесілі зейнетақыны бермеймін» деп қорқытты. Құлдықта жүргенде зейнетақы алатын құжаттар күйеуімнің атынан ашылды. Ақшаны сол ғана ала алады. Алименті де керек емес, үкімет беріп отырған ақшаны берсе болды. Үш баламды өзім асыраймын», – дейді ашынған Айгүл.

Бес баланың әкесі, қызымен жасты Айгүлді тоқалдыққа алған Мелдібай екінші әйелді қажеттіліктен алдым деп мойындады.

«Мен асып-тасқаннан үйленген жоқпын. Осы шаңыраққа ие болатын бала үшін құдалық жасап, үйленіп едік. 2015 жылы қыз дүниеге келді, 2016 жылы көптен күткен Қылышбекті босанды. 2017 жылдан бастап құдалар өз сөздерінен айни бастады. «10 жыл көріспедік» деуі өтірік. Он жылда он рет келіп-кетті. Тұрмыстық жанжал болды, бірақ жасым 50-келді әйелді ұрып-соғып отыратын мен емес. Айгүл ешқандай құлдықта болған жоқ. Айрандай ұйып отырған отбасыны бұзып отырған өзінің сіңілісі мен шешесі», – дейді Мелдібай.

Айгүлдің айтуынша, қайын жұртымен ара қатынасы жақсы, олардан жамандық көрмеген.

Баласын сағынған Мелдібайдың да айтары бар екен.

«Сағынбауға бола ма? Мен сағынышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Перзентіңді қалай сағынбайсың? Мен балаларымды бұлайша тентіретіп қоямын деп ешқашан ойламадым. Адастық, қатемізді түсініп, бәрін қайтадан бастайық дедім. Мұныма Айгүл көнгенімен, сіңілісі мен әпкесі көнбеді», – деді балалардың әкесі.

Бағдарлама соңында жүргізуші Айгүлдің «әкесі мен баласының арасына түспеймін, бір-біріне қарсы қоймаймын» деген уәдесін алды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0

В статье: