пятница, 29 марта 2024 г.
icon
449.58
icon
486.94
icon
4.86
Алматы:
icon
7oC
Астана:
icon
1oC
1xadv
×

Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қазақстандық шоу-бизнестегі жұптар кімдер

Отандық жұлдыздардың арасында махаббатқа жастың да, ұлттың да кедергі емес екенін дәлелдеген жұптар жетерлік. Елінің еркесі Ерке Есмахан мен Raim лақап атымен танылған жас әнші Райым Бақтыгереевтің шаңырақ көтеруі бұл сөздің растығына тағы да көз жеткізді. Stan.kz жас айырмашылығымен ерекшеленетін шоу-бизнестегі жұптардың тізімін жасады.

Ерке мен Raim

Көштің басын таңдауы өзінен 12 жас кіші жігітке түскен Ерке Есмахан бастайды. Ұзақ уақыт сүйіктісін жұрттан жасырған әнші бақытын өнерден тапты. Ерке Есмаханның алғашқы некесінен Мүслім есімді ұлы бар. Жас жұбайлар бүгінде Дубайда демалып жүр.

Дәуіт пен Дана

Қазақстандық актер, шоумен Дәуіт Шайхисламовтың да жары өзінен 11 жас үлкен. Белгілі шоуменнің жұбайы қазақстандық тележүргізуші, қоғам қайраткері және продюсер Дана Орманбаева. Жас айырмашылығына қарамастан ерлі-зайыптылардың жұптарын жазбай өмір сүріп жатқандарына 17 жыл болған. Дананың бірінші некесінен екі ұлы бар. Дәуітпен ортақ некеден бір ұл, бір қыз сүйіп отыр.

Жәнел мен Абай

Актриса Жәнел Мақажан өзінен 8 жас кіші Абай Асылхан есімді актермен бас қосты. Актрисаның алғашқы некесінен екі баласы бар. Алайда ғашықтардың махаббаты жас айырмашылығын былай қойғанда, көптеген адамның қарсылығына да төтеп берген. Бүгінде актриса өнерінен бас тартып, дінге бет бұрды.

Луина мен Артем

Шынайы махаббатқа ештеңе кедергі бола алмайтынын дәлелдеген жұптардың бірі отандық әнші Луина мен Артем Обухов. Әншінің күйеуінен 7 жасқа үлкендігі бар. Ерлі-зайыптылар 3 жасар Давид есімді ұлды тәрбиелеп отыр. Бұл Луинаның алғашқы некесі, ал Артем бұған дейін отбасылы болған. Оның бірінші әйелінен 6 жастағы ұлы бар.

Мәдина мен Олжас

Мәдина Сәдуақасованың да жолдасы Олжас Смағұлов өзінен 7 жасқа кіші. 2014 жылы шаңырақ көтерген ерлі-зайыпты қазір Әнуар есімді ұлды тәрбиелеп отыр. Олар жас айырмашылығын елемей, жүрекпен таңдау жасаған жұптардың бірі.

Айнұр мен Нұржан

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі өзінен 6 жасқа кіші. Белгілі ақынның таңдауы Нұржан Иманәлиев есімді ер азаматқа түскен.

Айта кетейік, бұл Айнұр Тұрсынбаеваның үшінші некесі. Ол оқырманның: «Нұржан аға сізден неше жас кіші?» деген сауалына: «Жасы кіші болса да, ақылы асса аға де», деп әзілмен жауап берді.

Мереке мен Арсен

Жайдарманшылар Мереке Қалбаева мен Арсен Акиев те шаңырақ көтеріп, қазақстандықтарды таңғалдырған еді. Мереке Арсеннен 6 жас үлкен. Бақытты жұп бір қыз, бір ұлдың ата-анасы. Ерлі-зайыптылар жүрекке әмір жүрмейтінін тағы бір рет дәлелдеді.

Маржан мен Ербол

Отандық әнші Маржан Арапбаеваның да күйеуі өзінен 4 жасқа кіші. Өнер иесінің бірінші күйеуінен қызы бар. Олар алты жыл бірге тұрып, ажырасып кеткен. Әнші қазір Ербол есімді ер азаматпен көңіл қосқан. Олар ортақ некеден екі қыз сүйіп отыр.

Нұрғали мен Жадыра

Жас алшақтығына қарамастан көңіл қосқан жұптардың арасында Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов пен Жадыра Сейдеш бар. Ерлі-зайыптылардың арасы 45 жас. Өнер иесі 2019 жылы екінші рет шаңырақ көтерді. Айта кетейік, Жадыра Сейдеш – еліміздің танымал тұлғалары жөнінде сыр шертетін «Жүрекжарды» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. Жарты ғасырға жуық жас айырмашылығын кедергі көрмей, бас қосқан олар махаббаттың құдіреттілігіне тағы бір көз жеткізгендей.

Асанәлі мен Бағдат

Аталмыш тізімді Асанәлі Әшімов пен Бағдат Әшімова толықтырды. Абыз актер өмірлік серігін осыдан 15 жыл бұрын кездестіріп, шаңырақ көтерді. Асанәлі Әшімов жарынан 34 жасқа үлкен. Ерлі-зайыпты ортақ некеден Асанәлі есімді ұл тәрбиелеп отыр. Актердің бірінші некесінен Сағина деген қызы бар.

Гүлнұр мен Серікбай

Әнші Гүлнұр Оразымбетова да өзінен 21 жас үлкен отандық саясаткер Серікбай Нұрғисаевқа тұрмысқа шыққан. Отандасқандарына 20 жылдан астам уақыт болған ерлі-зайыпты атұстар екі азаматтың ата-анасы.

Қыдырәлі мен Қарақат

Көпшілікке танымал Қыдырәлі Болманов та Қарақаттан 14 жас үлкен. Көптің көзайымына айналған жұлдызды жұп бүгінде төрт ұл, екі қыз сүйіп отыр.

Еркін мен Динара

Еркін Нұржановтың бірінші әйелі де өзінен 14 жасқа кіші. «Жүрегімде қап қойған, жаным, саған кім екен Аягөз деп ат қойған?» деп әндеткен өнер иесінің бірінші некесі сәтсіз болды. Әнші екінші рет те өзінен 14 жас кіші Динара есімді сұлуды жар етті. Ерлі-зайыпты бүгінді үш перзентті тәрбиелеп отыр.

Асхат пен Әлия

Асхат Тарғынның келіншегі өзінен 13 жас кіші. «Махаббат жасқа қарамайтын сезім» деген әншінің Әлия Құдайбергенова есімді келіншегінен алтын асықтай ұлы бар.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 2