суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

«Махаббат жасқа қарамайды екен»: Жас жігітпен суретін жүктеген ШаҺизада жазба жариялады

Отандық әнші Шахизада әлеуметтік желідегі парақшасына сүйіктісімен бірге түскен суреттерін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үш рет тұрмыста болған Шахизада жақында берген сұхбатында ер азаматпен қарым-қатынаста екенін айтқан болатын.

«Бізде жағдай осындай. Адамнан жасырғанды, Құдайдан жасыра алмайсың. Көп сөге көрмеңіздер. Махаббат жасқа қарамайды екен», – деп жазды өнер иесі.

Әншінің жазбасын көрген желі қолданушылары оны сынның астына алды.

«Мына апамның тірлігі қалай кетті?», «Бала шаға өсіп,немере сүйіп отырған кезде,байдың не керегі бар еді?», «Махаббатыңыз ашылып қылық шығардыңыз ба?», «Жасы кіші жігітерге қарау мода болып кетті ғой», «Ерке Есмахандар қаптады ғой», – деп жазды желідегілер.

Что думаете об этом?
Нравится 6
Мне все равно 0
Забавно 2
Сочувствую 2
Возмутительно 2